Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң
59-бабының конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2001 жылғы 11 мамырдағы № 5/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және В.Д. Шопин қатысқан, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасының төрайымы Р.Н. Юрченконың;
Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрi А.Н. Котловтың;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлiм бастығы К.Н.Кьюкованың қатысуымен өткен ашық отырысында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 59-бабының конституциялылығын тексеру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.
Ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, баяндамашы – Кеңес мүшесi Ж.Д.Бұсырмановты, отырысқа қатысушылардың және сарапшы – Қаржы полициясы академиясының проректоры, заң ғылымының кандидаты Г.К.Рахымжанованың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 11 сәуiрде Орал қаласы сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң (бұдан әрi - ҚК) 59-бабын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiштен келiп шығатыны, бұрын бiрнеше рет ұрлық жасағаны үшiн ҚК-тiң 175-бабының бiрiншi бөлiгi және екiншi бөлiгiнiң «б» тармағы бойынша сотталған Ю.Ю. Лемешев, Орал қаласы сотының
2000 жылғы 8 қарашадағы үкiмiмен, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолдану арқылы бөтен бiреудiң мүлкiн ашық ұрлауда айыпты деп танылып, ҚК-тiң 178-бабының «а» және
«б» тармақтары бойынша мүлкi тәркiлене отырып қа