Батыс Қазақстан облыстық сотының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 109-бабы бiрiншi бөлiгiнiң конституциялылығын тексеру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1 қаулысы

 

Қазақстан       Республикасының       Конституциялық       Кеңесi, Төраға  И.И.  Рогов,  Кеңес  мүшелерi  Х.Ә.  Әбiшев,  Қ.Ж.  Балтабаев, Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан    Республикасы    Үкiметiнiң    өкiлi    –    Қазақстан

Республикасының Әдiлет вице-министрi С.П. Нұғымановтың,

Қазақстан     Республикасы     Бас     прокуратурасының     өкiлi

–    Қазақстан    Республикасы    Бас    Прокурорының    орынбасары

А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Н.Ә. Әбдiқановтың, Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауiпсiздiк  комитетiнiң  өкiлi

– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары М.Ә. Нүримановтың,

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы)  өкiлi  –  Қазақстан  Республикасы  Экономикалық қылмысқа   және   сыбайлас   жемқорлыққа   қарсы   күрес   жөнiндегi агенттiк       (қаржы       полициясы)       Төрағасының       орынбасары Қ.П. Қожамжаровтың,

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Заң департаментiнiң бастығы Б.З. Әшитовтың қатысуымен,

өзiнiң    ашық    отырысында    Батыс    Қазақстан    облыстық сотының  Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  iс  жүргiзу  кодексiнiң 109-бабының бiрiншi бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн, сондай- ақ   сарапшыларды   –   заң   ғылымдарының   докторы,   профессор, Д.А.  Қонаев  атындағы  Университеттiң  ректоры  Ө.Қ.  Қопабаевты және заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық   педагогикалық   университетiнiң   ғылыми   жұмыс   жөнiндегi проректоры Б.Х. Төлеубекованы тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан        Республикасы        Конституциялық        Кеңесiне

2006  жылғы  27  желтоқсанда  Батыс  Қазақстан  облыстық  сотының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206-I Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң (бұдан әрi – ҚIЖК) 109-бабының бiрiншi бөлiгiн тұлғалардың анықтау, тергеу органдарының, прокурордың қылмыстық iс қозғау туралы қаулыларына сот тәртiбiмен шағымдану құқығын шектеу бөлiгiнде конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.

Ұсыныстан келiп шығатыны, Батыс Қазақстан облыстық сотының iс жүргiзуiнде Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы) бастығының мiндетiн уақытша атқарушы А.А. Точилиннiң Орал қалалық сотының 2006 жылғы 2 қарашадағы қаулысына берген жеке шағымы жатыр. Осы шешiммен Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi департаментiнiң (қаржы полициясы) лауазымды тұлғаларының мемлекет қаржысын ұрлауы фактiсi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi тергеу бөлiмiнiң аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiсiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы қаулысының күшiн жою туралы А.А. Точилиннiң шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Оны қабылдауға негiз болғаны, алдын-ала тергеу органының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысына, Орал қалалық сотының пiкiрi бойынша, ҚIЖК 109-бабының тәртiбiмен сотқа шағымдануға болмайды.

Батыс Қазақстан облыстық соты, «қылмыстық қудалау органы қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарған сәттен бастап өзiне қатысты осы қаулы шығарылған тұлға, Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген өзiнiң құқығын, бостандығын, заңды мүдделерiн қылмыстық iс қозғау кезеңiнде барлық құрал- тәсiлдермен қорғау мүмкiншiлiгiнен айрылған», – деп пайымдайды.

Осыған  орай  Батыс  Қазақстан  облыстық  соты,  «ҚIЖК-iнiң

109-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленген қылмыстық қудалау органдарының шағым берiлетiн iс-әрекеттерi мен шешiмдерiнiң тiзбесi А.А. Точилиннiң және Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының  өзге  де  лауазымды  тұлғаларының  Конституцияның 1,  12, 13, 14, 77-баптарында    баянды етiлген сот  арқылы  қорғалу құқығына нұқсан келтiредi», - деп есептейдi.

Осы  көрсетiлген  негiздер  бойынша Батыс Қазақстан облыстық соты  Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына  сәйкес  iс  бойынша  өндiрiстi  тоқтата  тұрып,  ҚIЖК-iнiң 109-бабының бiрiншi бөлiгiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiндi.

Қазақстан   Республикасы   Қылмыстық   iс   жүргiзу   кодекс