Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабы бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнiң конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 Нормативтiк қаулысы
ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 жылғы № 2 нормативтік қаулысымен осы қаулының жекелеген ережелері алып тасталынды.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Н.В. Белоруков, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi
– Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты
И.Ә. Әмiровтiң,
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Н.Н. Турецкийдiң,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi З.Я. Балиеваның және Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының төрағасы Ә.Т. Жүкеновтiң,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi
– Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң орынбасары А.Ж. Шпекбаевтың,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң өкiлi
– Адам құқықтары жөнiндегi Ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың,
Қазақстанның адвокаттар одағының өкiлi – Қазақстанның адвокаттар одағының президентi Ә.Қ. Түгелдiң қатысуымен,
Өзiнiң ашық отырысында Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 361-бабының бiрiншi және төртiншi бөлiктерiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.В. Белоруковтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың және сарапшының – заң ғылымдарының докторы, профессор А.А. Матюхиннiң сөйлеген сөздерiн тыңдап, сарапшылардың – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор С.З. Зимановтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор Ғ.С. Сапаргалиевтiң қорытындыларымен, сондай-ақ маманның – заң ғылымдарының докторы, профессор Е.И. Қайыржановтың қорытындысымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне 2008 жылғы 28 қаңтарда Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының, қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердегi адамдар тобының осы мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру не мекемелер қызметке