Назарбаев Нурсултан Абишевич

 

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ғұмыр бойы мүшесі

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шымалған ауылында дүниеге келген.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

1960 жылдан 1969 жылға дейін Н.Назарбаев Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы ЖТОО тәмамдады.

ПАРТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Н.Назарбаев өндіріс озаты болды және әріптестерінің арасында үлкен бедел иесі атанды. Болашақ Президент алдында жаңа белестер көрініп, 1969 жылы Н.Назарбаев өзінің партиялық және қоғамдық қызметін бастады.

1969 жылдан 1973 жылға дейін – Қарағанды облысының Теміртау қаласында партиялық, комсомолдық жұмыста.

1973-1977 жылдары — Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы.

1977 жылдан 1979 жылға дейін — Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.

1979-1984 жылдары — Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің хатшысы.

1984 жылдан 1989 жылға дейін — Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Төрағасы.

1989-1991 жылдары — Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы. 1990 жылдың ақпанынан сәуірге дейін бір уақытта Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы.

ПРЕЗИДЕНТТІК

1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-і Президентінің лауазымына сайланды.  

1991 жылдың 1 желтоқсанында Республика Президентінің тұңғыш бүкілхалықтық сайлауы өтті, нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайызынан қолдау тапты.

1995 жылдың 29 сәуірінде бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Н.Назарбаевтың Президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында сайлаушылар дауысының 79,78 пайызын алып, балама негізде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылар дауысының 91,15 пайызын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2010 жылдың 14 маусымында Н.Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы мәртебесі бекітілді.

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылар дауысының 95,5 пайызын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2015 жылдың 26 сәуірінде өткен сайлауда сайлаушылар дауысының 97,75 пайызын алып, жеңіске жетті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабының 1-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ғұмыр бойы мүшесі 

АТАҚТАРЫ МЕН МАРАПАТТАРЫ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы

Қазақстан Халқы ассамблеясының Төрағасы

«Nur Otan» партиясының Төрағасы

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы

 

 

Мами Кайрат Абдразакулы

 

МӘМИ Қайрат Әбдіразақұлы

Конституциялық Кеңестің Төрағасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

Қайрат Әбдіразақұлы Мәми 1954 жылғы 9 мамырда Алматы облысында туған.
Үйленген, екі қызы мен ұлы бар.

С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген (1981). Жоғары біліктілік сыныбы бар судья (2002), 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (2010), з.ғ.д., профессор.

Гурьев (Атырау) облыстық сотының судьясы, сот төрағасының орынбасары, төрағасы (1981-1990), Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының мүшесі (1990-1993), Алматы қалалық сотының төрағасы (1993-1995) болып қызмет атқарды. ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқасын басқарды (1995-1999). ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының міндетін атқарды (1996). ҚР Әділет вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымында болды.

2000 ж. бастап – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы.

2009 ж. бастап – ҚР Бас Прокуроры.

2011 ж. бастап – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы.

2013 ж. – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы болып қайта тағайындалды.

ТМД-ға мүше елдердің Жоғары төрелік және жалпы соттары төрағалары кеңесінің тең төрағасы, ТМД Экономикалық Соты Пленумының, Дүниежүзілік заңгерлер қауымдастығының мүшесі, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы болды.

Қ.Ә. Мәмидің басшылығымен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң, «ҚР Жоғары Сот Кеңесі туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы», «Аралық соттар туралы», «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдар және соттардың құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары әзірленді.

Соттың санкция беруімен, сондай-ақ мамандандырылған экономикалық, ювеналдық соттарды және алқабилер сотын құрумен байланысты заңнамалық актілер мен нормаларды әзірлеуге және практикаға енгізуге тікелей атсалысты.

ҚР Бас Прокуроры қызметін атқарған тұста, құқық қорғау жүйесі қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етті. Қазақстандық прокурорлар қауымдастығын құруға бастамашы болды, қазіргі уақытта ол Халықаралық прокурорлар қауымдастығының толыққанды мүшесі болып табылады.

Ұзақ жылғы судьялық жұмыс тәжірибесіне сүйеніп ғылыми ізденіс жүргізу арқасында, Қазақстандағы сот жүйесінің және сот билігінің қалыптасуы мен дамуына арналған алты монографияны, оннан астам ғылыми еңбекті жарыққа шығарды.

«Парасат» (2003), ІІ-дәрежелі «Барыс» (2011), І-дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «ТМД ПАА. 20 жыл» (2012) мерекелік медалдарымен наградталған.

«Құрметті судья» құрметті атағына, сондай-ақ «Үш би» төс белгісіне, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері», «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалдарына ие.

Жыл сайынғы «Жыл саясаткері» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Қ. Мәми ең білікті саясаткер атанды (2008).

Қазіргі уақытта – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы.

Даулбаев

 

ДАУЫЛБАЕВ Асхат Қайзоллаұлы

1962 жылы 22 қарашада Ақтөбе қаласында туған.

Орта мектепті бітірген соң «Динамо» өндірістік бірлестігінде жұмысшы болды.

1981 – 1983 жылдары СССР Қарулы Күштері қатарында әскери қызметте болды.

Әскери қызметінің мерзімі аяқталған соң, Свердловск Заң институтының Сот-прокурорлық факультетіне оқуға түседі.

1987 жылы оны үздік аяқтап, бөлу бойынша Қазақстанның прокуратура органына жолдама алады.

Алматы қаласы Октябрь аудандық прокуратурасында стажер, тергеуші, прокурордың көмекшісі және аға көмекшісі болып жұмыс жасайды.

1990 жылдан бастап Алматының кейбір аудандары прокурорларының орынбасары, сондай-ақ аудан прокурорларының міндеттерін атқарады.

1992 жылы жалпы қадағалау бөлімінің бастығы және Алматы қаллалық прокуратурасы алқасының мүшесі болып тағайындалады.

1994 жылы – Алматы Төрелік соты төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының бастығы.

1997 жылы – Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, Әділет біліктілік алқасының төрағасы.

1999 жылы  - «Қазақтелеком» ААҚ вице-президенті – бас әкімшілік директоры. Сол жылы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды, ТМД парламентаралық ассамблеясында құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияны және «Әділет» сот-құқықтық реформасы мәселелері бойынша депутаттық топқа басшылық жасады.

2001 жылғы қаңтардан бастап 2011 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

2011 жылғы сәуірден бастап 2016 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі №  34-VI ПМС  қаулысымен ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Бірінші сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi. Прокуратураның құрметті қызметкері. PhD, құрметті профессоры ҚазГЗУ.

1-дәрежелі Даңқ ордені (2009 ж.), 2-дәрежелі Даңқ ордені (2004 ж.), Отыз Қазақстан Республикасының медаль және шетелдер марапатталды.

Классикалық күрестен СССР спорт шебері.

Үйленген, үш ұлы бар.

Малиновский

 

МАЛИНОВСКИЙ Виктор Александрович

1956 жылы 27 мамырда Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің мемлекеттік құқық жəне совет құрылысы кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, деканның орынбасары, Алматы саясаттану институтының мемлекеттік құрылыс жəне құқық кафедрасының доценті болып бастады.

Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының Мемлекеттік-құқық бөлімінің референті, аға референті, Республика Конституциялық Сотының судьясы болып қызмет атқарды.
1995 жылдан 2007 жылға дейін Заңгерлік академиясы – «Əділет» Жоғары құқық мектебінің проректоры болып жұмыс істеді.

Соңғы уақытта «Интерньюс-Қазақстан» мекемесінде заңгер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Заң ғылымының докторы. 12.00-02 мамандығы бойынша кандидаттық (1985ж.) жəне докторлық (2004ж.) диссертациясын М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде қорғады.

Үнемі конституциялық үрдістерге қатысып отырады. 2006-2007 жылдары Республика Президенті басшылық жасаған Қазақстан Республикасындағы Демократиялық реформалар бағдарламасын əзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның конституциялық реформалардың келешегі жөніндегі жұмыс тобының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның (2007ж. 21 мамыр) жобасын əзірлеу жөніндегі жұмыс тобының сарапшысы болды.
«Президент Республики Казахстан и Парламент Республики Казахстан: взаимоотношения, система сдержек и противовесов», «Президент Республики Казахстан: инструменты власти и обеспечения деятельности», «Глава государства суверенного Казахстана» атты жеке монографиялардың авторы.
«Проблемы согласованного функционирования органов государственной власти Республики Казахстан и системы сдержек и противовесов», «Государственная книга Казахстан 10 лет независимости», «Толковый словарь Конституции Республики Казахстан» (қазақ жəне орыс тілдерінде), Ғ.С.Сапарғалиевтің редакциялауындағы ғылыми-құқықтық «Комментарий Конституции Республики Казахстан» атты ұжымдық монографиялардың тең авторы.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Оқу-əдістемелік бөлімінің «Шет елдердің конституциялық құқығы» пəні бойынша Мемлекеттік стандартты əзірлеген шығармашылық ұжымының жетекшісі болды, сондай-ақ қазақстандың жəне ресейлік баспасөз беттерінде Қазақстан Республикасы мен шет елдердің қонституциялық құқығы бойынша 70-тен астам ғылыми жəне ғылыми-танымдық мақалалар жариялады.

Д.А.Қонаев атындағы Университет жанындағы Бірлескен диссертациялық кеңестің мүшесі (ОК 60.14.17).
АҚШ-та ұзақ мерзімді ғылыми іссапарда болды (1995 жəне 2001 жылдары), АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Таиландқа. Польшаға, Венгрияға жəне Монголияға қызметтік іссапарларға (семинарларға, конференцияларға, жоғары оқу орындарының бірлесіп іс-қимыл жасау бағдарламалары) жіберілді.
«Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Конституциясының жəне Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығын атап өтуге орай екі мерейтойлық медальмен наградталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен атап өтілген.

2007 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының 13.08.2013 жылғы № 612 Жарлығымен В. А. Малиновский Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенттің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 59 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Мемлекет басшысының 13.08.2019 жылғы № 113 Жарлығымен В. А. Малиновский Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Меркель

Иоган Давидович Меркель

1958 жылы 21 қыркүйекте Көкшетау облысының Еңбекшілер ауданында дүниеге келді.

1984 жылы Свердловск Заң институтын заңгерлік мамандығы бойынша бітірді.

1979 жылдан бастап 20 жыл бойы прокуратура органдарында, соның ішінде басшылық қызметтерде болды.

1999-2000 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.

2000 жылғы маусым – 2003 жылғы наурыз аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінде бас инспектор, Мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2001 – 2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Əділет біліктілік алқасының төрағасы.

2003 жылғы наурыздан бастап Əділет бірінші вице-министрі лауазымында болды.

2005 жылғы желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының үшінші шақырылымдағы депутаты болып тағайындалды. Депутаттық қызметі уақытында Өңірлік жəне салалық даму комитетінің төрағасы болып сайланды, мемлекеттік басқару жəне бюджетаралық қатынастар деңгейі арасындағы өкілеттіктердің ара-жігін ажырату мəселелері бойынша Мемлекеттік комиссия құрамына кірді.

2008 жылғы 22 ақпаннан бастап 2017 жылғы мамыр айына дейін Бас Прокурордың Бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені бар. Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті қызметкері.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 480 Жарлығымен Меркель Иоган Давидович Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Өзінің еңбек жолында Меркель И.Д. құқық қорғау жүйесінің дамуына, заңнамаларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосты.

Заңдылықты жəне қоғамдық тəртіпті қорғауды нығайтуға қосқан үлесі үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі жəне белсенді қоғамдық қызметі үшін «Кұрмет» (2006 ж.), ІІ-дəрежелі «Даңқ» (2011 ж.) жəне І-дəрежелі «Даңқ» (2017 ж.) ордендерімен марапатталды.

Мукашев

 

МҰҚАШЕВ Рахмет Желдібайұлы

1956 жылы 22 маусымда Көкшетау облысы Чкалов ауданының Киров ауылында дүниеге келді. Заңгер, 1977 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін, ал 1982 жылы Мəскеу қаласындағы КСРО ІІМ Академиясын бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ҚР МТК құрметті қызметкері, полковник. Өзінің еңбек жолын Қарағанды қаласы Ленин аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші қызметінен бастап, КСРО ІІМ – Қазақ КСР ІІМ ішкі істер органдарында 1977 жылдан 1986 жылға дейін, соның ішінде КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде аға оқытушы, мемлекеттік-құқықтық пəндер кафедрасының басшысы болып жұмыс істеді.

Р.Ж.Мұқашевтың депутаттық қызметте үлкен практикалық тəжірибесі бар.

1990-1995 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII жəне XIII шақырылымдағы депутаты болып сайланды.

1999 – 2004 жылдары ҚР Парламенті Мəжілісінің ІІ-шақырылымдағы депутаты, Қазақстанның Азаматтық партиясының Парламенттегі фракциясының басшысы болды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің IV шақырылым депутаты болып сайланып, кейіннен Заңнама жəне сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің V шақырылымдағы депутаты, Заңнама жəне сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы болды.

1995 жылы ҚР Президенті Əкімшілігінде Заңдылықты, құқықтық тəртіпті жəне сот реформасын қамтамасыз ету Бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды. 2006-2007 жылдары ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметін атқарды.

1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің Ұйымдастырушылық-кадр департаментін басқарды.

2005 жылғы мамыр- 2006 жылғы наурыз аралығында Əділет бірінші вице-министрі, қайта құруға байланысты Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрағасы болды.

2012 жылдың мамырында Қазақстан заңгерлерінің республикалық съезінде «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес мүшесі.

Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мəселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірді (2017 ж.).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2017 жылғы 26 мамырдағы № 150-VI СП қаулысымен Рахмет Желдібайұлы Мұқашев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Үлгілі қызметі мен адам жəне оның əлеуметтік мүдделерін қорғау бойынша белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, əлеуметтік-даму жəне қоғамдық қызметтері үшін «Құрмет» (2001 ж.), «Парасат» (2010 ж.) жəне ІІ-дəрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталды. 2016 жылы «Қазақстанның құрметті заңгері» атағы берілді.

Алпыстан астам ғылыми жəне білім беру еңбектерінің авторы.

Темербеков

 

ТЕМІРБЕКОВ Әлібек Ақылбекұлы

1960 жылы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Ново-Хайрузовка ауылында дүниеге келді.

Еңбек жолын 1977 жылғы қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Парамонов ауылында Парамонов орта мектебінде мұғалім қызметінен бастады.

1978-1980 жылдары Кеңес Əскері қатарында əскери борышын өтеді (ГСВГ).

1980-1982 жылдары - Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы зауыттың № 3 құю цехында стерженщик болып істеді.

1988 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітіріп, Заң факультеті Қылмыстық құқық кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеуге қалады.

С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде күндізгі аспирантурада білім алады.

1992 жылғы тамыз – 1994 жылғы мамыр айы аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасы орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі.

1994 жылғы қыркүйектен бастап оқытушылық жұмыста - С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде Қылмыстық құқық жəне криминология кафедрасының аға оқытушысы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика жəне құқық институты Қылмыстық құқық жəне криминология кафедрасының аға оқытушысы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қылмыстық құқық жəне криминология кафедрасының доценті, Заң факультетінің оқу-əдістемелік жұмыс бойынша деканның орынбасары.

Заң ғылымдарының докторы.

2006 жылғы 7 қараша - 2013 жылғы 25 маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының басшысы.

2013 жылғы 26 маусымда осы лауазымға 1-топ 1-санатта «А» корпусындағы əкімшілік қызметтің кадр резервінен осы лауазымға қайта тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 329-VI МП қаулысымен Əлібек Ақылбекұлы Темірбеков Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне өзге де наградаларымен марапатталды – «Құрмет» ордені, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдары жəне «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі.

Шапак

 

Шапак Унзила

1973 жылы 30 сəуірде Моңғол Халық Республикасында дүниеге келген.

1991 жылы Ұлан-Батор қаласы Налайх ауданында математикалық бағыттағы №2 орта мектепті үздік бітірген.

1996 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік аяқтап, «құқықтану» мамандығын алып шығады.

2001 жылы «1640 Жылғы Моңгол-Ойрат заңы» атты тақырыпта диссертация қорғап, заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесіне жетеді.

2006 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент дəрежесіне ие болады.

2007-2010 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университеті Мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы кафедрасының докторантурасында оқиды. 2010 жылы «Қалмақ хандығының саяси құрылымы жəне құқықтық жүйесі.

(1664-1771 жж.)» атты тақырыпта заң ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесіне диссертация қорғайды.

2012 жылы «Экономика» мамандығы бойынша «Қазтұтынушылародағы» Қарағанды экономикалық университетін аяқтайды. Еңбек жолын Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің Заң факультетінде кафедра оқытушысы қызметінен бастайды.

1996-1998 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Құқық негізі, Мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы кафедраларында оқытушы қызметінде болады. 2001-2004 жылдары жоғарыда аталған университеттің Мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы қызметінде болады.

2004-2007 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті қызметін атқарады. 2009 жылы қосымша кафедра меңгерушісінің функцияларын орындайды.

2004 - 2014 жылдары – «ҚазГЗУ университеті» АҚ жанындағы Ғылыми талдау жəне сараптама институтының сарапшысы. Сыбайлас жемқорлық факторлары жəне ғылыми-құқықтық сараптама бойынша 100-ден астам нормативтік құқықтық актілер мен заңға тəуелді актілерге сараптама жасады.

2009-2011 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

2010-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі Заң шығару институты Лингвистикалық сараптама орталығының бас ғылыми қызметкері. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне жəне шетел мемлекеттерімен жасалған халықаралық шарттарға сараптама жүргізді.

2011-2014 жылдар аралығында «ҚазГЗУ» АҚ Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры қызметін атқарады.

2014 - 2016 - «ҚазГЗУ Университеті» АҚ Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 923-V СП қаулысымен ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Мемлекет жəне құқық теориясы, шетелдік мемлекет жəне құқық тарихы бойынша оқулықтар мен 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.

2001, 2009 жылдары Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің Құрмет грамоталарымен,

2002 жəне 2010 жылдары – Қарағанды жəне Астана қалалары əкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жанындағы Республикалық оқу-əдістемелік секциясы «Құқық» мамандығы топтары бойынша «Жылдың ең үздік доценті» номинациясының жеңімпазы болды.

«15 лет КАЗГЮУ» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №380.

Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.