Өзі қызмет істеп келе жатқан кезең ішінде Конституциялық Кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдады, олардың – 6 өз қаулыларын қосымша түсіндіру туралы. Негізгі Заңға конституциялық новеллалар енгізуге байланысты (1998, 2007 және 2017 жылдар) Конституциялық Кеңес өзінің кейбір актілерін қайта қарау туралы шешімдер қабылдады (2004, 2007, 2008, 2011, 2017 жылдар).
1996 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі таңға дейін Конституциялық Кеңеске 190-нан астам өтініш, соның ішінде, Мемлекет басшысынан – 23, Парламент Палаталарының төрағалары мен оның депутаттарынан – 77, Премьер-Министрден – 27, ссоттардан – 68 өтініш келіп түсті.
Шамамен 30 заң және халықаралық шарт толықтай немесе ішінара конституциялық емес деп танылды. Конституциялық бақылау практикасын қорыту нәтижесі бойынша Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы 22 жолдау жіберілді. Онда адамның құқықтарын қорғау, заң шығармашылық қызметті жетілдіру, заңнамаларды Конституцияға сәйкес келтіру туралы, сот құрылымы және сот ісін жүргізу, жүргізіліп жатқан әкімшілік реформалар және конституциялық реттеудің басқа да аясы туралы мәселелер көтерілді.