1. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар болып өтiнiштерi бойынша конституциялық iс қозғалып отырған мына адамдар мен органдар танылады:

1) Республика Президентi;

2) Парламент Сенатының Төрағасы;

3) Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы;

4) өздерiнiң жалпы санының кемiнде бестен бiрi болатын Парламент депутаттары;

5) Премьер-Министр;

6) Республика соттары;

7) актiлерiнiң конституциялылығы тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар.

2. Қажет болған жағдайда конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар Конституциялық Кеңеске өз өкiлдерiн жiбере алады, олардың өкiлеттiгi белгіленген тәртiппен ресiмделедi.

(«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Конституциялық заңның 20 бабы).