Хан Елена Максимовна

 

Хан Елена Максимовна

Төраға Хатшылығының меңгерушісі      

1976 жылы 13 тамызда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келеген.

Білімі жоғары. Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген. Заңгер. 

1996 жылғы қыркүйектен бастап 1997 жылғы қарашаға дейін Ақмола облыстық сотының (Көкшетау қаласы) сот отырысының хатшысы болып жұмыс істеген. 

1997 жылғы қараша айынан бастап 2009 жылғы сәуірге дейін  азаматтардың хаттарын қабылдау бойынша бөлімінің бас маманы, хаттар және азаматтарды қабылдау секторының маманы, Төраға қабылдау бөлмесінің референті, Ұйымдастыру-талдау бөлімі Құжат айналымды қамтамасыз ету бөлімінің аға сарапшысы қызметтерін атқарған. Төраға Хатшылығының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Төрағасы Хатшылығының бас консультанты қызметтерін атқарған.  

2009 жылғы сәуірден бастап 2011 жылғы мамырға дейін Бас Прокурордың аға көмекшісі болып қызмет істеген.

2011  жылғы мамырдан бастап 2013 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Хатшылығының бас консультанты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 

2013 жылғы қарашадан бастап 2018 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Жоғарғы Сот Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі болып қызмет атқарған. 

2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 

Бадалиев Манон Киргизбаевич

 

БАДАЛИЕВ Манон Қырғызбайұлы 

Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі

1962 жылы 14 қазанда Тәжік ССР-і Ленинабад облысы Метчин ауданы Янтак ауылында дүниеге келді.
Кеңес Әскері қатарындағы әскери борышын Чехословакияда өткерді.

1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1991 жылғы тамыз айынан бастап 1993 жылғы ақпан айына дейін прокуратура органында тәлімгер, Алматы қаласы Октябрь ауданы прокурорының көмекшісі ретінде қызметтен өтті.  

Ауыстыру тәртібінде 1993 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің комитетінде Заңнама, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша консультант, заң бөлімінің консультанты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының аға консультанты, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының кеңесшісі, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Құқықтық сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Құқықтық сараптама бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.
Мемлекеттік наградасы - «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған «Астана» Естелiк медалi, мерекелік медалдар: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»

Буркина Елена Александровна

 

Буркина Елена Александровна

Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

1973 жылы 12 қарашада Целиноград қаласында дүниеге келді. 

Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық институтын, А.С.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік облыстық университетін психология мамандығы және Еуразиялық гуманитарлық институтын заңгерлік мамандығы бойынша бітірген.

2000 жылғы мамырдан 2003 жылғы қазанға дейін Орталық өңірлік көлік прокуратурасында маман болып жұмыс істеген.

2003 жылғы қазаннан 2018 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде жалпы бөлім референті, құқықтық сараптау бөлімінің бас сарапшысы, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, персоналды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылғы 26 қаңтарда ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медальі, «Қазақстан конституциясына 10 жыл, «Қазақстан конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдары бар.