Нурмуханов Бакыт Маратович

 

Нұрмұханов Бақыт Маратұлы

1979 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келген.  
2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.  
Сол жылы еңбек жолын  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушы қызметінен бастаған. 
2003 жылдан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппаратында қызметте: құқық бөлімінің консультанты; құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы; құқықтық сараптау бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, талдау секторының меңгерушісі (2003-2006); Төрағаның кеңесшісі (2006-2011); құқықтық сараптау бөлімінің басшысы (2011-2017).
2017 жылғы 1 тамызда Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.   
2008 жылдан негізгі қызметімен Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демократия үшін» Еуропалық комиссиясымен (Венеция комиссиясы) байланыс офицері функцияларын қоса атқарады. 
2017 жылдан Азиялық конституциялық соттар мен оларға балама институттар Қауымдастығының Зерттеулер және даму хатшылығы Бас хатшысының орынбасары. 
Заң ғылымдарының кандидаты.
Мемлекеттік және басқа да наградаларымен марапатталған:
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2012); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл»,  «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» мерекелік медалдары; «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі.