Конкурстық комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
№ 1
Астана қаласы                             2018 жылғы 12 желтоқсан 

Адам құқықтары күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған заңдық жоғары оқу орындарының (факультеттерінің) арасында конституциялық іс жүргізу бойынша республикалық олимпиада (пилоттық жоба) конкурстық комиссияның отырысы

Төрағалық еткен: Малиновский Виктор Александрович - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

Қатысқандар:

Малиновский Виктор Александрович - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі (конкурстық комиссияның төрағасы),
Шапак Унзила - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі (Конкурстық комиссияның хатшысы),
Меркель Иоган Давидович - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі (конкурстық комиссияның мүшесі),
Мұқашев Рахмет Желдібайұлы - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі (конкурстық комиссияның мүшесі),
Темірбеков Әлібек Ақылбекұлы - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі (конкурстық комиссияның мүшесі).

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Адам құқықтары күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған заңдық жоғары оқу орындарының (факультеттерінің) арасында конституциялық іс жүргізу бойынша республикалық олимпиада (пилоттық жоба) жеңімпаздарын анықтау.
Бұрын берілген кейстер бойынша материалдарды зерделеп, конституциялық іс жүргізу барысында командалардың сөйлеген сөздерін тыңдап, комиссия іскерлік ойынның жеңімпаздарын анықтады және мынадай орындар берді:

БІРІНШІ ОРЫН – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы.
ЕКІНШІ ОРЫН – М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің командасы.
ҮШІНШІ ОРЫН – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасы. 

НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША:

«Конституциялық іс жүргізудегі үздік төрағалық етуші»  - Сабырбек Шерхан Мұратбекұлы (ҚарМУ);

 «Шешендік шеберлігі үшін» - Жарылғапұлы Әділет (ЕҰУ);
 
«Конституциялық іс жүргізудегі үздік сарапшы» - Құздыбаева Динара Нұрланқызы (КАЗГЮУ);

«Конституциялық іс жүргізу бойынша үздік баяндамашы» - Черепкова Наталья Игоревна (ЕҰУ);

«Конституциялық іс жүргізудегі үздік мемлекеттік органның өкілі»  - Ерланқызы Арубегім (КАЗГЮУ). 
 
 
 
Конкурстық комиссияның төрағасы                        В. Малиновский


Конкурстық комиссияның хатшысы                        У. Шапак