Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша

журналистер арасындағы конкурс туралы ереже

1.  Жалпы ережелер

    Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша конкурс республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ, соның ішінде Интернет-БАҚ журналистері арасында өткізіледі.   
1.1. Конкурстың тақырыбы – «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамды табысты жаңғырту негізі».
1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.


2.  Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Конкурс Қазақстан Республикасы Конституциясының шығармашылық әлеуетін, оның мемлекеттілігін қалыптастыру мен нығайтудағы рөлін, өмірдің негізгі салаларын жаңғыртуды, Рухани Жаңғыру жалпыұлттық жоба шеңберінде қоғамның конституциялық мәдениетін арттыруды көздейді.   
2.2. Конкурстың міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясына және оның құндылықтарына құрмет қалыптастыру;
Конституцияның реттеуші әлеуетін, оның іргелі қағидаттары мен нормаларын ашу;  
Конституцияны, 2017 жылғы конституциялық новеллаларды іске асыруды қамтамасыз етудің жолдары мен құралдарын іздестіру және елде құқықтық мемлекет қағидаттарын бекіту;   
жалпы халықтың назарын еліміздің Негізгі заңына аудару;
конституциялық құндылықтарды жариялау мәселелерімен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдарын марапаттау және ынталандыру;
конституциялық-құқықтық мәселелер бойынша журналистер арасында мамандандыруды дамыту.

3. Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары

3.1. Конкурсқа қатысуға заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген БАҚ, соның ішінде Интернет-БАҚ кәсіби журналистері шақырылады.
3.2. Конкурсқа нақты шығарылған немесе 2018 жылғы 1 тамыздан бастап жарияланған жұмыстар мен материалдар қабылданады.  
3.3. Конкурсқа қатысқан кезде авторлық құқық және зияткерлік меншік туралы заңнамалардың талаптары сақталуы тиіс.  
3.4. БАҚ жарнамалық сипаттағы хабарламалар мен материалдарға маманданбауы тиіс.  
3.5. Конкурсқа қатысуға бір автордан немесе шығармашылық ұжымнан жалпы саны үштен аспайтын жұмыстар қабылданады.
Ұсынылған жұмыстар конкурстың мақсаттарына жауап беруі тиіс.
 3.6. Конкурстың номинациялары:  
Баспасөз басылымы (газеттер, журналдар және басқалары);
Радио;
Телевидение;
Интернет – БАҚ (соның ішінде жаңалық агенттіктері).

3.7. Конкурсты өткізу кезеңдері:
Барлық номинациялар бойынша материалдар Конкурсқа 2019 жылғы 24 тамызға дейінгі мерзімде ұсынылады.   
Өтініштер (жұмыстар) мына электрондық және почталық мекенжай бойынша электрондық және қағаз түрінде ұсынылады: cckz@mail.ru, maral_1170@mail.ru, тел. +7172747958, +7172747652.  
Өтініштер (жұмыс) авторларға қайтарылмайды.  

4. Өтініштердің мазмұнына және ресімдеуге қойылатын талаптар

4.1. Жұмыс конкурстың тақырыбын ашуы тиіс.
4.2. Конкурсқа топтық жұмыстар қабылданбайды.
4.3. Өтініштерді ресімдеуге қойылатын талаптар:
1)    журналистің тегі, аты, әкесінің аты;
2)    жұмыс орны, БАҚ атауы,  
3)    материалдың атауы және көшірмесі (не жариялым көзіне сілтеме жасау, шығару деректері), өңір;
4)    байланыс (ұялы) телефонының нөмірі, электрондық почта, почталық мекенжайы.

5.    Конкурстық комиссияның құрамы мен жұмыс тәртібі

5.1. Конкурстың жеңімпаздарын конкурстық комиссия айқындайды. Конкурстық комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.
5.2. Жұмысты рецензиялаған кезде конкурстық комиссияның мүшесі оның деңгейін келесі өлшемдерді:
1)    конкурс тақырыбының ашылуын;
2)    анық және негізделген авторлық ұстанымды;
3)    қорытындылардың түпнұсқалығы мен тәуелсіздігін;
4)    жазылуының тұтастығы мен дәйектілігін;
5)    мемлекеттік құқықтқ саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін ескере отырып бағалайды.

6.    Конкурстың қорытындысын шығару

6.1.  Конкурстық комиссия конкурстың жеңімпаздарын анықтайды және әр номинация бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды береді. Конкурстың қорытындылары хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің интернет-ресурсына орналастырылады.
6.2.  Конкурстың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, олардың жұмыстары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Интернет-ресурсында және басқа да БАҚ-да орналастырылуы мүмкін.