Фото

БАДАЛИЕВ Манон Қырғызбайұлы 
Әдеп жөніндегі уәкіл
Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі
1962 жылы 14 қазанда Тәжік ССР-і Ленинабад облысы Метчин ауданы Янтак ауылында дүниеге келді.
Кеңес Әскері қатарындағы әскери борышын Чехословакияда өткерді.
1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
1991 жылғы тамыз айынан бастап 1993 жылғы ақпан айына дейін прокуратура органында тәлімгер, Алматы қаласы Октябрь ауданы прокурорының көмекшісі ретінде қызметтен өтті.  
Ауыстыру тәртібінде 1993 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің комитетінде Заңнама, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша консультант, заң бөлімінің консультанты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының аға консультанты, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының кеңесшісі, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Құқықтық сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Құқықтық сараптама бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.
Мемлекеттік наградасы - «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған «Астана» Естелiк медалi, мерекелік медалдар: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»