КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ Қ. МӘМИ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

31.05.2019

Председатель Конституционного Совета К. Мами выступил на встрече с Президентом  Республики Беларусь Председатель Конституционного Совета К. Мами выступил на встрече с Президентом  Республики Беларусь Председатель Конституционного Совета К. Мами выступил на встрече с Президентом  Республики Беларусь

 

2019 жылғы 31 мамырда Беларусь Республикасының Президенті А.Г. Лукашенко Беларусь Республикасы Конституциялық Сотының 25 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Минск қаласына келген шетелдік конституциялық бақылау органдарының басшыларын қабылдады.

Осы кездесуде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәми Беларусь көшбасшысын құттықтай отырып, 1994 жылы Беларусь Республиканың қолданыстағы Конституциясын қабылдағанын, ол кең ауқымды қайта құрулар үшін құқықтық негіз қалағанын айтты. Біздің елдеріміз арасында жемісті ынтымақтастық орнатылды. Оған көп жағдайда мемлекет басшыларының сенімді және достық қарым-қатынасы ықпал етеді. Кеше ғана біз Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың бес жылдығын атап өттік, ол біздің елдеріміздің тиімді интеграцияның жарқын үлгісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы идеясын жүзеге асырудағы зор еңбек Сізге де тиесілі, деп қорытындылады Қ. Мәми.   

Сол күні Қазақстанның Конституциялық Кеңесі төрағасының төрағалық етуімен Жаңа демократия елдерінің конституциялық бақылау органдары конференциясының отырысы өтті. Оған сондай-ақ Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан және Ресей конституциялық әділет органдарының өкілдері қатысты.   

Арнайы қонақ ретінде Венециандық комиссияның бірінші Вице-президенті Хердис Торгейрсдоттир ханым қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Конференция Төрағасы Қ. Мәми, 22 жылдың ішінде біздің ұйым өңірлік қауымдастық ретінде қалыптасты, деп атап өтті. Ол оның мүшелері арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді және бізге жүктелген миссияны іске асыруға байланысты жалпы мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Ұйым мүшелері Жаңа демократия елдерінің конституциялық бақылау органдары конференциясының атауын Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығы деп өзгерту туралы шешім қабылдады.
Оның ерекшелейтін элементтері ретінде Қауымдастықтың жаңа атрибуттары - логотип және туы бекітілді.   

Сонымен қатар, Қауымдастыққа қатысушылар 2020 жылы Алжирде өтетін Конституциялық сот төрелігі бойынша дүниежүзілік конференцияның 5-ші Конгресін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Осы өңірлік құрылымның атынан модераторлар, негізгі баяндамашылар, қосымша баяндамашылар және қорытындылаушы спикерлер позициясына кандидатуралар ұсынылды. Тараптар сондай-ақ дүниежүзілік конгресс шеңберінде Қауымдастық отырысын өткізу туралы шешім қабылдады.     

Сонымен қатар, делегация басшылары бір-бірін өз елдерінде болған іс-шаралар мен одан әрі ынтымақтастық жоспарлары туралы хабардар етті.  

Қ. Мәми Беларусь Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы П. Миклашевичке әріптестерінің осы кездесуін ұйымдастыруға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.  

27.06.2018

Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері Б.Нұрмұханов Лозанна қаласында өтетін Швейцария Федералдық Сотының шақыруы бойынша Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының (Венеция комиссиясы) конституциялық сот төрелігі жөніндегі бірлескен кеңесінің 17-отырысына қатысуда.

Оның жұмысына 40 елден астам конституциялық әділет органдары аппараттарының қызметкерлері (байланыс бойынша офицерлер), сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың, Еуропа Одағы Сотының, Африка конституциялық құзыреті конференциясы мен Араб конституциялық кеңестері мен соттарының делегациялары қатысады.

Жыл сайын өткізілетін отырыстың мақсаты конституциялық бақылау органдары мен Венеция комиссиясы арасындағы құқық үстемдігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Сонымен бірге, іс-шараның бағдарламасына «Гендер, теңдік және кемсітушілік» атты конференция енгізілген, оның шеңберінде қатысушылар өз елдерінің тәжірибесімен бөліседі.