12.09.2019
В Туркестане состоялось обсуждение Послания Президента В Туркестане состоялось обсуждение Послания Президента В Туркестане состоялось обсуждение Послания Президента В Туркестане состоялось обсуждение Послания Президента

2019 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Ә. Мәми Түркістан қаласында «Конституцияның мемлекет пен қоғамның жаңа кезеңдегі дамуындағы рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы мен халықтың конституциялық мәдениетін көтеру жолдарын талқылауға арналған дөңгелек үстелді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырды. 

Түркі әлемінің рухани астанасындағы кездесуде Төраға Қ.Ә. Мәми облыстың құқық қорғау органдары басшылары, университет оқытушылары мен тыңдаушылары алдында сөз сөйледі.   

Өз сөзінде Конституциялық Кеңестің Төрағасы атап өткендей, қолданыстағы Конституцияның әлеуеті әлі де үлкен. Конституциялық нормалардың ерекшелігі - олар мемлекет пен қоғам дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын көрсетеді және оны іске асыру тұрақты жүйелі түрде жұмыс жасауды талап етеді. Сондықтан да бәріміз бірігіп Ата Заңның бойындағы құнды идеялар, принциптер мен талаптардың мазмұнын ашып, олардың заңнама мен практикаға енуіне жағдай жасауымыз қажет - деді Қ.Мәми.  

Мәселен, биыл Қазақ елі мемлекеттілік дамуының жаңа кезеңіне бет бұрды. Қазіргі таңда жаңа сайланған Президент Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша қыруар жұмыс атқарылуда. Бұл үрдіс Мемлекет басшысының алғашқы халыққа жолдауында айтылған жаңа міндеттермен толықтырылды. Олардың барлығы Ата Заңның жасампаз әлеуетінен бастау алады және оны жүзеге асырумен тығыз байланысты – деді спикер.

Университет Президенті, профессор Б.Абдрасилов, з.ғ.д.,  профессор Б. Нақыпов және басқа да қатысушылар өз ойларымен бөлісті.  

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Баспасөз қызметі, 12 қыркүйек 2019 жыл