18.09.2019
Международный форум судейского сообщества Международный форум судейского сообщества Международный форум судейского сообщества Международный форум судейского сообщества Международный форум судейского сообщества

2019 жылғы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми «Сот төрелігінің сапасын басқару: жаһандық трендтер мен тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық форумға қатысты.
Іс-шараға 120 елдің сот органдарының басшылары, Халықаралық судьялар қауымдастығының және Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың мүшелері және заңгерлер жұртшылығының өкілдері қатысты.
Кездесу қатысушылары заманауи сот төрелігін дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен трендтерді, атап айтқанда сот төрелігінің сапасын қамтамасыз ету мәселелерін, сот реформаларындағы, сот әкімшілендіру жүйелеріндегі, сот ісін жүргізуге IT-технологияларды ендірудегі үздік тәжірибелерді, стратегиялар мен инновацияларды талқылады. 
Сонымен қатар, форумға Конституциялық Кеңес мүшелері В. Малиновский, Ә. Темірбеков, У. Шапақ және Аппараттың жауапты қызметкерлері де қатысты.