28.08.2019
Вопросы верховенства Конституции обсуждены в Шымкенте Вопросы верховенства Конституции обсуждены в Шымкенте Вопросы верховенства Конституции обсуждены в Шымкенте Вопросы верховенства Конституции обсуждены в Шымкенте Вопросы верховенства Конституции обсуждены в Шымкенте Вопросы верховенства Конституции обсуждены в Шымкенте

2019 жылғы 28 тамызда Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А. Темірбеков «Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі: теория мен практика проблемалары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара 26 тамыздан бастап Конституциялық Кеңес алғаш рет бастама жасаған «Негізгі Заң апталығы» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына Түркістан облысы әкімдігінің, облыстық сотының, прокуратурасы мен Әділет департаментінің, Шымкент қаласының Полиция департаменті мен сот органдарының өкілдері, Б. Момышұлы атындағы ҚР ІІМ оқу орталығының қызметкерлері мен тыңдаушылары, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты азаматтардың конституциялық мәдениетін арттыру, конституциялық құндылықтарды құрметтеуді насихаттау, жастардың конституциялық құқықтық санасын жетілдіру, теориялық білім мен құқық қолдану практикасының тиімді байланысын қамтамасыз ету болып табылады.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры К.Э. Нұрманбетов құттықтау сөз сөйледі.

Бағдарламаға сәйкес Конституциялық Кеңес мүшесі А. Темірбеков «1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының одан әрі мемлекеттік дамуының негізі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Конституцияны қатаң сақтау – мемлекет пен азаматтық қоғамның табысты дамуының негізі, біз соған сәйкес өмір сүруіміз керек – бұл демократияның жоғары мектебі» деп бірнеше рет атап өткен болатын.

Іс-шараға қатысушылар мемлекеттің Негізгі Заңы жалпы алғанда аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнама ауқымының іргетасы болып табылады деген бір тұжырымды қолдайды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап конституционализмді дамытуда Конституциялық Кеңес маңызды рөль атқарады. Кеңестің конституциялық бақылау функцияларын орындауы конституциялық заңдылықты күшейтуге, Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпал етеді.

Дөңгелек үстелдің ұсынымдары мен идеялары Конституцияның әлеуетін іске асыру бойынша одан әрі жұмыста пайдаланылатын болады.