12.11.2019
Семинар - тренинг по подготовке международных  наблюдателей за выборами Семинар - тренинг по подготовке международных  наблюдателей за выборами Семинар - тренинг по подготовке международных  наблюдателей за выборами

12 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында «Ұлттық сайлау заңнамасы мен халықаралық сайлау стандарттарын сақтаудағы халықаралық бақылау институтының рөлі» тақырыбындағы жыл сайынғы семинар-тренинг өтті. Семинарға Конституциялық Кеңес Аппараты Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты Н.Ш. Марипова қатысты. Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалары офисімен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.  
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау бойынша миссиясының басты мақсаты – мемлекеттерге сайлаудың теңдік, әмбебаптық, саяси плюрализм және ашықтық қағидаттарын іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз етуге көмек көрсету, сондай-ақ сайлау өткізудің әлемдік стандарттарын ілгерілету болып табылады.