03.07.2019
Прием у Президента Республики

А.ж. 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәмиді қабылдады.    
Қ. Мәми Мемлекет басшысын елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы хабардар етті. Конституцияның нормалары мен қағидаттарын іске асыру үшін Конституциялық Кеңес қабылдап жатқан шаралар туралы сөз болды. Негізгі әңгіме адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталды.  
Мемлекет басшысы Конституцияның жасампаздық әлеуетін толық пайдалану қажеттігін мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Конституциялық Кеңес азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне әділ көңіл бөлетінін атап өтті.