28.08.2019
В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности В Нур-Султане обсудили роль Конституции на новом этапе развития государственности

«Негізгі Заң апталығы» атты жалпы республикалық жоба аясында 2019 жылғы 28 тамызда Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституцияның цифрлық өркениет дәуірінде мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты елдегі әлеуметтік, құқықтық және демократиялық мемлекеттің қағидаттарын бекітуге деген дамып келе жатқан бағытты ескере отырып, Конституцияның рөлі мен әлеуетін жан-жақты талқылау болып табылады.
Форумды Конституциялық Кеңес ұйымдастырды. 
Оның жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, құқық қорғау мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ белгілі отандық құқықтанушы ғалымдар қатысты.
Отырыстың ашылуында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми атап өткендей, Конституция – егемендік пен тәуелсіздікті бекітетін аса маңызды құжат, мемлекеттіліктің, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың берік негізі болып табылады. Негізгі Заңды құрметтеу және бұлжытпай сақтау – қойылған жоғары мақсаттарға жетудің кепілі.
Республика Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ә. Рақышева, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары И. Рогов қатысушыларға өз құттықтау сөздерін арнады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, Конституциялық Кеңестің мүшесі В. Малиновский, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, әділет, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің және ғылыми қоғамның өкілдері тиісті тыныс-тіршілік салаларының конституциялық негіздерін іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.
Панельді сессияларда азаматтардың конституциялық әлеуметтік құқықтарын іске асыру құралдарын күшейту, құқық үстемдігін бекіту, қоғамды демократияландыру, мемлекеттік басқаруды және құқық қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жаппай цифрландыру процесінде жеке тұлғаның мүдделерін қорғау кепілдігін нығайту бойынша тәсілдер талқыланды.
Дөңгелек үстел аясында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың конституциялық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша журналистер арасындағы конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Осы конкурс өткен жылы Республиканың Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияда жарияланған болатын.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сөйлеген сөзінде бүгінгі таңда конституциялық-құқықтық сипаттағы мәселелерде маманданған кәсіби журналистерге деген үлкен сұраныс бар екенін атап өтті.
Құрамына Кеңес мүшелері, сондай-ақ құқықтанушы ғалымдар кірген конкурстық комиссия мынадай номинацияларда лауреаттарды анықтады: 
«Ата Заң – Ұлы Даланың құндылығы» номинациясында – «АПТА» бағдарламасының талдаушы-редакторы Айбек Қобдабай және ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының режиссері Зина Тәжібаева, «Qazaqstan» телеарнасы;
«Конституция – Тәуелсіздік негізі» номинациясында – «Журналистік зерттеу» бағдарламасының шеф-редакторы Шынар Сағындықова және осы бағдарламаның продюсері Мырзабек Түсіпов, «Хабар» телеарнасы;
«Конституциялық Кеңестің қызметін үздік жариялап-көрсеткені үшін» номинациясында – «Хабар 24» телеарнасының «Кабинеттер» бағдарламасының сценаристі Тимур Мухамадеев;
«Ана мен баланың конституциялық құндылықтарын насихаттағаны үшін» номинациясында – «Еуразия бірінші арнасы» телеарнасының журналисті Юлия Волкова;
«Конституциялық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін» номинациясында – КТК телеарнасының астаналық бюросының директоры Ербол Сейілхан, «Астана» телеарнасының арнайы тілшісі Ерлан Сисенов, «Ерекше көзқарас» бағдарламасының жүргізушісі Зейін Әліпбек және Айнур Чидербаева, «Хабар 24» телеарнасы;
«Қазақстанның Конституциялық дамуы» номинациясында – «Казахстанская правда» газетінің құқық бөлімінің редакторы Инеш Бержанова;
«Конституция құқық үстемдігінің негізі ретінде» номинациясында – «Казахстанская правда» газетінің құқық бөлімінің шолушысы Елена Левкович;
«Конституция қоғам назарында» номинациясында – саясат және құқық бөлімінің меңгерушісі Жолдыбай Базаров және журналист Александр Тасболатов, «Egemen Qazaqstan» газеті;
«Конституция және адам құқықтары» номинациясында – Ғалым Омарханов, «Қазақ газеттері»; 
«Конституциялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің талдаушысы Мұратбек Мақұлбеков, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Шалқар Қожаев, журналисттер Линара Сақтағанова («Юридическая газета» газеті), Айнұр Сембаева («Заң» газеті), Торғын Нұрсеитова және Анастасия Московчук («Zakon.kz» желілік басылымы). 
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға конкурсқа белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді және халықтың конституциялық-құқықтық санасын жаңғырту бойынша кәсіби қызметіне табыс тіледі. Лауреаттарға құрмет грамоталары  және естелік сыйлықтар берілді.