20.09.2019

2019 жылғы 19-20 қыркүйекте Минск қаласында (Беларусь Республикасы) «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бес жыл: Соттың рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференция өтті.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын 2015 жылғы 1 қаңтардан бастады. Баршаға мәлім, еуразиялық интеграцияның мұндай ұйымын құру идеясына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасады, ол осы идеяны 1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жариялады.
ЕАЭО туралы шарт Одақтың ұлттық дейгейден жоғары құқығын дамытуға қуатты серпін берді.
Интеграциялық кеңістікте Одақ құқығын бірыңғай түсінуді және қолдануды қамтамасыз ету процесінде ЕАЭО Соты үлкен рөл атқарады. Бұл процесте Одақ Сотының қатысушы мемлекеттердің конституциялық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы маңызды болып табылады.
Одаққа қатысушы мемлекеттер Одақ құқығы мен ұлттық заңнаманың үйлесімді өзара іс-қимылын, жалпы қағидаттарды біріздендіруді және бірыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз етуі қажет, - деп қорытындылады Қ. Мәми.