30.09.2019
В КазНУ имени аль-Фараби состоялась  научно-практическая конференция В КазНУ имени аль-Фараби состоялась  научно-практическая конференция В КазНУ имени аль-Фараби состоялась  научно-практическая конференция В КазНУ имени аль-Фараби состоялась  научно-практическая конференция В КазНУ имени аль-Фараби состоялась  научно-практическая конференция В КазНУ имени аль-Фараби состоялась  научно-практическая конференция В КазНУ имени аль-Фараби состоялась  научно-практическая конференция В КазНУ имени аль-Фараби состоялась  научно-практическая конференция В КазНУ имени аль-Фараби состоялась  научно-практическая конференция

2019 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекеттің демократиялық қайта құруының негізі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. 
Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды. 
Форум жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, белгілі отандық құқықтанушы ғалымдар қатысты.
Қ. Мәми өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, жиырма төрт жыл ішінде конституциялық нормалар өзінің тиімділігін көрсетіп, терең әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер үшін іргетас қалады. Конституцияның әлеуеті елде жүргізілген конституциялық реформалардың қорытындыларын ескере отырып, мемлекеттілік эволюциясының жаңа кезеңінде де елдің прогрессивті дамуына қызмет ете алады. Бұл туралы көптеген мамандар айтады, ал жақында атап өтілген мемлекеттік мереке аясында біз осындай пікірдің тұрақтылығына тағы да көз жеткіздік.
Республика Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында құқықтық саладағы бірқатар басымдықтарды атап өтті. Бұл құқық қорғау жүйесін жетілдіру, бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету, әкімшілік әділет енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және басқалар. 
Бұл мәселелердің барлығы азаматтардың конституциялық құқықтарының кепілдіктерін қозғайды. Біз қолданыстағы және жаңа құқықтық институттарға қатысты заманауи түсінік қалыптастыруымыз, мемлекеттік құқықтық саясатты іске асыру процесінде күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет, - деп қорытындылады Қ. Мәми.
Іс-шара аясында «Қазақстан Республикасы – конституционализмді бекіту хроникасы» атты электрондық кітаптың таныстырылымы өтті, оның авторлары Қ. Мәми, И. Рогов, В. Малиновский болып табылады. 
Конституциялық құрылыстың өзекті мәселелері бойынша заң ғылымдарының докторлары, профессорлар В. Малиновский, Ө. Жалаири, Д. Байділдинов, А. Масалимова баяндама жасады.