04.07.2019
В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание В Конституционном Совете состоялось торжественное собрание

2019 жылғы 4 шілдеде Конституциялық Кеңесте Астана күніне және мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Өзінің құттықтау сөзінде Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми «осы жылдар ішінде Қазақстанның астанасы жалпыұлттық құндылық мәртебесіне ие болғанын, жас мемлекеттің тәуелсіздігі мен жаһандық табысының символына айналғанын» атап өтті.
2007 жылдан бастап ол конституциялық мәртебеге ие. Ағымдағы жылғы наурызда Республика Президентінің ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгерді. Бұл Республиканың Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның Негізін қалаушы ретіндегі көрнекті рөлін,  сондай-ақ елдің қарқынды дамуына серпін берген жаңа астананы құрудағы Елбасының ерекше еңбегін мойындау болып табылады» - деді Қ.Мәми.
Салтанатты іс-шара аясында Конституциялық Кеңес Төрағасы Аппараттың бас консультанты Е. Артемьеваға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін табыс етті.
«Конституциялық Кеңестің құрамы мен оның Аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады және Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін еңбек етеді. Мемлекеттілік эволюциясының жаңа кезеңінде біз елдің одан әрі дамуы үшін барынша күш салуға тиіспіз», - деп түйіндеді Қ.Мәми.
Мереке құрметіне Аппараттың кейбір қызметкерлерінің балалары «Ел астанасы - Нұр-Сұлтан» атты тақырыптағы суреттерін жолдады. Олар естелік сыйлықтармен марапатталды.