29.08.2019
В Университете КАЗГЮУ отметили День Конституции В Университете КАЗГЮУ отметили День Конституции В Университете КАЗГЮУ отметили День Конституции

2019 жылғы 29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция және қоғамның әлеуметтік-құқықтық дизайны» атты форум өтті.
Ол «Негізгі Заң апталығы» жобасы аясында өткізілді.
Форумды М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ университеті ұйымдастырды.
Іс-шараға Республика Парламентінің, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ бірқатар танымал заңтанушы ғалымдар қатысты.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, біз жыл сайын 30 тамызда егемен Қазақстанның Конституциясы күнін атап өтеміз. Бұл мемлекеттік мерекеге халықтың өзі бастама жасаған және ол Негізгі Заңның мәтінінде көрсетілген, бұл оның қоғам мен мемлекет өміріндегі ерекше рөлін көрсетеді. Конституция елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және қоғамдық өзгерістердің басты саяси-құқықтық негізі болып табылады.
Пікірталасқа Конституциялық Кеңестің мүшесі В. Малиновский қатысты. Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов форумның модераторы болды.