15.11.2019
Казахстанский конституционализм: проблемы и решения Казахстанский конституционализм: проблемы и решения

2019 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі В. Малиновский «Қазақстандық конституционализм: проблемалар мен олардың шешімдері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шараны Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асырудың саяси-құқықтық аспектілерін қарастыру және Негізгі Заңның әлеуетін ашу.
Конференцияда В. Малиновский «Конституциялық құқық: пән, әдіс, арнайы терминология» тақырыбында баяндама жасады. 
Іс-шара аясында атақты қазақстандық конституционалист, заң ғылымдарының докторы, профессор, егемен Қазақстан Конституциясының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан В.А. Ким атындағы кафедра ашылды.