12.06.2019
Инаугурация Президента Республики Казахстан Инаугурация Президента Республики Казахстан

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының сайланған Президенті Қ.Тоқаевтың қызметіне кірісу рәсімі өтті.       
Ұлықтау басында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Конституцияның 42-бабына сәйкес Республика Президенті Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап қызметіне кірісетінін хабарлады.   
Бүкіл халықтық сайлаудың нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының жаңа Президенті болып сайланды. Мемлекет басшысын ұлықтау - еліміздің даму тарихындағы маңызды оқиға, деді Қ. Мәми.
Республика Президенті Негізгі Заңға оң қолын қойып, ант қабылдады, содан соң басқа да хаттамалық іс-шаралар жүргізілді.      
Ұлықтауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев, мемлекеттік органдардың басшылары, Парламенттің қос Палатасының депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы Соттың судьялары, сондай-ақ қоғамның көрнекті өкілдері қатысты.