16.09.2019
К. Мами принял делегацию Конституционного Суда Республики Индонезия К. Мами принял делегацию Конституционного Суда Республики Индонезия К. Мами принял делегацию Конституционного Суда Республики Индонезия К. Мами принял делегацию Конституционного Суда Республики Индонезия К. Мами принял делегацию Конституционного Суда Республики Индонезия

А.ж. 16 қыркүйекте Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ.Мәми Индонезия Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Э. Нурбанингсих ханым бастаған делегацияны қабылдады. Кездесуге Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамоно мырза да қатысты.
Шетелдік қонақтарды құттықтай отырып, Қ.Мәми Индонезия Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда ынтымақтастық өсіп келеді. Елдеріміздің конституциялық бақылау органдарының арасында жемісті ынтымақтастық орнаған. 
Тараптар Азиялық конституциялық соттар және оларға балама  институттар қауымдастығы қатысушыларының алдағы отырысына, сондай-ақ «Конституциялық сот пен әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қорғау» атты тақырыпта 3-ші Халықаралық симпозиумға дайындық мәселелерін талқылады. Аталған іс-шаралар Индонезияда ағымдағы жылдың қараша айында өтеді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Индонезияның конституциялық әділет органдарының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру шаралары, соның ішінде, олардың арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою да талқыланды. Сонымен қатар, әңгіме барысында 116 мемлекет мүше болып табылатын Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференция аясында өзара әрекеттесу мәселелері қозғалды.
Қорытындылай келе, Конституциялық Кеңес Төрағасы шетелдік әріптестерге бірлескен жемісті қызмет үшін алғысын айтып және құқық үстемдігі қағидаттарын бекіту саласындағы ынтымақтастықтың сәтті жалғасатынына сенім білдірді.