01.07.2019
К. Мами принял Председателя Конституционного Суда Республики Татарстан К. Мами принял Председателя Конституционного Суда Республики Татарстан К. Мами принял Председателя Конституционного Суда Республики Татарстан

А.ж. 1 шілдеде Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәми Татарстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Ф. Хуснутдиновпен кездесті.    
Шетелдік қонақты құттықтай отырып, Конституциялық Кеңес Төрағасы Қазақстанның бауырлас Татарстанмен қарым-қатынастарының Ресей Федерациясымен әріптестіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Бізді ортақ тарихи тамырларымыз, мәдени құндылықтарымыз және бірыңғай түркі мұрасы байланыстырады. Жыл сайын экономика, сауда, цифрландыру және тыныс-тіршіліктің басқа да салаларында байланыстарымыз өсіп келеді. Құқықтық салада тиімді ынтымақтастық жолға қойылған. Осы жылдар ішінде Қазақстан мен Ресейдің заң құрылымдары арасында тығыз және әріптестік қарым-қатынас орнатылды, деді Қ. Мәми.     
Өз кезегінде, Ф. Хуснутдинов біздің елдеріміздің құқықтанушы ғалымдарының жемісті өзара іс-қимылына, әсіресе, конституциялық құқықтың реттеу саласындағы өзара іс-қимылына назар аударды.
Әңгімелесу барысында тараптар құқықтық мемлекет қағидаттарын бекітудің өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасты.