06.08.2019
К.Мами принял участие в челлендже, посвященном  175-летию Абая Кунанбаева

2019 жылғы 6 тамызда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Ә. Мәми «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» атты жас ғалымдардың ІІІ Халықаралық форумының жалпы отырысына қатысты.
Қатысушыларға арналған алғы сөзінде Қ. Мәми атап өткендей, Қазақстанда жас ғалымдардың халықаралық форумын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Ол ғылым, білім беру және инновациялар саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша беделді пікірталас алаңы болып отыр. Осы жылы форум ерекше маңызға ие, өйткені Қазақстанда Жастар жылы аясында ұйымдастырылған.
Спикер Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған, қазақстандықтардың жас буынына шетелде жоғары білім алуға бірегей мүмкіндік беретін «Болашақ» стипендиясының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, қарқынды даму мен заманауи сын-қатерлер қоғам мен мемлекет алдында жаңа міндеттер қояды. Бұл процесте саяси-құқықтық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар эволюциясының векторларын айқындайтын Конституция маңызды рөл атқарады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері Конституцияда бекітілген жалпы адамзаттық құндылықтарды жүзеге асыруға қызмет етуі тиіс, - деді Конституциялық Кеңестің Төрағасы. 
12 елдің жас ғалымдары алдында сөз сөйлеу барысында Қ. Мәми Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны жалғастырып, Ұлы ақынның 38-ші қара сөзінен үзінді келтірді. Онда «Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Хакімдер ұйқы, тыныштық, әуес-қызықтың бәрін қойып, адам баласына пайдалы іс шығармақлығына, яғни адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ пенен батылдықты айырмақты үйреткендігі, біздің оларға міндеткерлігімізге дау жоқ.», делінген. Осы асыл мұраны тілге тиек ете отырып, жастардың барлық ізденістеріне сәттілік тіледі.