24.09.2019
Четвертое Совещание спикеров парламентов стран Евразии

2019 жылғы 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші Кеңесіне қатысты.
Парламенттік форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл толуына орайластырылған. 
Кеңеске 60-тан астам Еуропа мен Азия елдері парламенттерінің делегациялары, сондай-ақ халықаралық және парламентаралық ұйымдар өкілдері қатысты. 
Еуропа мен Азиядан келген Парламент өкілдері еуразиялық кеңістіктің қауіпсіз және тұрақты даму жолдарын талқылады. 
Жиналысқа қатысушылар заң шығару тәжірибесімен бөлісіп,  ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді сипатын нығайту үшін келешек бағыттарды айқындады.