29.08.2019
Торжественное собрание в Министерстве юстиции,  посвященное Дню Конституции Торжественное собрание в Министерстве юстиции,  посвященное Дню Конституции Торжественное собрание в Министерстве юстиции,  посвященное Дню Конституции

2019 жылғы 29 тамызда Әділет министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс болды. 
Мерекелік іс-шараға әділет министрі М.Б. Бекетаев және әділет органдарының қызметкерлері қатысты.  
Конституциялық Кеңестің мүшесі Р.Ж. Мұқашев Конституцияның тарихы және оны іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады. 
Өз сөзінде Р.Ж. Мұқашев республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның идеялары, ережелері мен нормаларының жоғары заң күші бар, олар ұлттық дәстүрлерге жауап береді және халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттарына сәйкес келеді. 
Іс-шараға қатысушыларға тәуелсіздік жылдары жүргізілген конституциялық реформалар, Елбасының Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімінің маңыздылығы, соның арқасында Қазақстан туралы жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы  болып отырғандығы туралы айтылды.