28.08.2019
В Атырау рассмотрены вопросы реализации Конституции В Атырау рассмотрены вопросы реализации Конституции В Атырау рассмотрены вопросы реализации Конституции В Атырау рассмотрены вопросы реализации Конституции

2019 жылғы 28 тамызда Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі У. Шапак Республика Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» атты тақырыптағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Форум «Негізгі Заң апталығы» жобасы аясында өтті. 
Іс-шараны Конституциялық Кеңес, Атырау облысының әкімдігі және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ұйымдастырды.    
Конференцияға сондай-ақ республика Парламентінің депутаттары, құқықтанушы-ғалымдар және өңір зиялыларының өкілдері қатысты. 
Форумның мақсаты мемлекет пен қоғамның жаңа даму кезеңіндегі Негізгі Заңның әлеуетін жан-жақты ашу болып табылады.  
У. Шапак өз сөзінде 1995 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының бастамасымен бүкілхалықтық референдум арқылы қолданыстағы Конституция қабылданғанын, ол егемендікті заңды рәсімдеу процесін аяқтағанын атап өтті. 
Конституцияда демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу бағыттары, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, идеологиялық және саяси әртүрлілік, мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу көрсетілген.   
Іс-шара аясында Кеңес мүшесі У. Шапак Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері алдында «Конституция қоғам мен мемлекетті жаңғыртудың негізі ретінде» тақырыбында дәріс оқыды. 
Сонымен қатар, Атырау қаласының «Прикаспийская Коммуна» қоғамдық-саяси газетінде У.Шапактың  әлеуметтік әділ мемлекеттің конституциялық-құқықтық кепілдіктері мәселелеріне арналған мақаласы жарияланды.