13.09.2019
7-я Летняя школа в г.Анкаре 7-я Летняя школа в г.Анкаре

Түркия Республикасы Конституциялық Сотының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының бас консультанты Т. Мұшанов 2019 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында Азиялық конституциялық соттары мен балама институттар қауымдастығының (AКСБИҚ) 7-ші жазғы мектебіне қатысты.
Жазғы мектеп Қауымдастық мүшелері аппараттарының қызметкерлеріне арналған (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2013 жылдан бастап Қауымдастық мүшесі болып табылады) және конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу, институттар арасында тығыз байланыс орнату және ынтымақтастықтың келешегін талқылау мақсатында өткізіледі.
Жазғы мектеп аясында әрбір делегация таңдалған тақырып бойынша өз елінің заңнамасы мен тәжірибесі туралы өз таныстырылымын ұсынады.
Жазғы мектеп жұмысы барысында Т. Мұшанов халықаралық заңи жұртшылыққа Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдірудегі, қылмыстық процеске қатысатын адамның конституциялық құқықтарының кепілдіктерін нығайтудағы рөлі туралы баяндама жасады.
Іс-шараны өткізудің жоғары деңгейі қатысушыларға кінәсіздік презумпциясы қағидатының өзекті мәселелерін және оны іске асырудағы конституциялық бақылаудың рөлін талқылауға мүмкіндік берді.