02.07.2019

Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәми «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Соты және Халықаралық төрелік орталығы ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Іс-шараға қатысушылар сот ғимаратының қашықтағы сот және төрелік процестерін, сондай-ақ медиация процестерін қымбат шығынсыз жүргізуге мүмкіндік беретін бейнеконференцбайланыстың жаңа технологияларымен жабдықталған заманауи инфрақұрылымымен танысты.    
Іс-шара аясында Қ. Мәми АХҚО Сотының төрағасы Лорд Вульфпен және ХТО төрайымы Барбара Доманнмен құқық саласында тараптардың ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.