03.07.2019
Конференция по правовым вопросам МФЦА Конференция по правовым вопросам МФЦА Конференция по правовым вопросам МФЦА

Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәми және Кеңестің мүшесі Р. Мұқашев «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық мәселелер жөніндегі конференциясына қатысты.
Форумды АХҚО және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - АХҚО-ның ерекше құқықтық режимін талқылау, қаржы және заң институттары арасындағы диалогты қамтамасыз ету.
Конференция жұмысына сондай-ақ АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетов, АХҚО Сотының төрағасы Лорд Вульф, АХҚО халықаралық төрелік орталығының төрайымы Барбара Доманн, Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Марк Биир және басқа да шетелдік серіктестер қатысты.  
Іс-шара аясында АХҚО қолданыстағы құқығын және белгілі шетелдік қаржы орталықтарының стандарттарын практикалық қолдану туралы мәселелер талқыланды.