24.07.2020
Состоялся криминологический форум Состоялся криминологический форум Состоялся криминологический форум Состоялся криминологический форум Состоялся криминологический форум Состоялся криминологический форум

2020 жылдың 24 шілдесінде Конституциялық Кеңестің мүшесі               И.Д. Меркель «Қылмыстық қудалау: сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокурордың өкілеттіктерін ажырату» тақырыбындағы онлайн-криминологиялық форумға қатысты. 

Форумды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды.
Бұл іс-шараға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Жоғарғы Соттың, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты.

Өз сөзінде Конституциялық Кеңестің мүшесі И. Меркель форум Республика Конституциясының 25 жылдығы аясында өтіп жатқандығын, Ата Заңның қылмыстық іс жүргізудің тиімді моделін анықтауға негіз екенін атап өтті. 2017 жылы Қазақстанда қабылданған конституциялық түзетулер сот жүйесін, прокуратураның, сондай-ақ басқа да құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі жетілдірудің құқықтық негізін қалады.