23.10.2020
1 1 1 1

2020 жылғы 23 қазанда Конституциялық Кеңестің мүшесі А.Қ. Дауылбаев онлайн режимінде Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезіне қатысты. Съезд жұмысына Мемлекет басшысы, Қазақстанның судьялар корпусының өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық сарапшылар мен серіктес ұйымдар, жұртшылық өкілдері қатысты. Съезде сот жүйесін одан әрі дамыту және сот төрелігінің конституциялық қағидаттарын іске асыру мәселелері талқыланды.