21.01.2021
Конституционный Совет

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми Индонезия Конституциялық Сотының Төрағасы Анвар Усманға Индонезияда болған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты:

«Жақында Индонезияда болған қайғылы оқиғалар туралы суық хабарды зор күйзеліспен қабылдадық.

Ява жағалауында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қаза болуына, сондай-ақ Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және жеке өзімнің атымнан қайғырып көңіл айтамын.

Қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін.

Осындай ауыр сәтте достас Индонезия халқына болған қайғылы жағдайда күш, батылдық пен табандылық тілеймін» - деп хатта жазылған.