02.07.2020
Онлайн конференция с Акмолинской областью Онлайн конференция с Акмолинской областью Онлайн конференция с Акмолинской областью

2020 жылғы 2 шілдеде Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған "Ата Заң – тәуелсіздіктің тұғыры" тақырыбында онлайн-конференция өтті.  
Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының басшылары, облыс активі және заңгер-ғалымдар қатысты.

Іс-шараның модераторы-Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев болды.   

Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәми өзінің құттықтау сөзінде Конституция – еліміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры, біздің барша табыстарымыздың бастауы. Қоғам мен мемлекеттің болмыс-бітімін, ішкі-сыртқы саясатын айқындайтын, мүдделері мен құндылықтарын қорғайтын негізгі заңы. Ата Заңды білу мен бағыну, оны басты құқықтық құжат ретінде құрметтеу – әрбір демократиялық мемлекет үшін әрқашан өзекті міндет болып қала бермек. Конституциялық Кеңестің қызметі осы қасиетті құжаттың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған, деп атап өтті.   

Форум аясында Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. Темірбеков "Қазақстандағы конституциялық бақылаудың тиімділігін жетілдіру" тақырыбында баяндама жасады.  

Бағдарламаға сәйкес өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары мен заңгер-ғалымдары сөз сөйледі.  
Форумға қатысушылар Конституция мемлекеттің негізгі заңы ретінде мызғымас және мемлекеттік органдар мен азаматтардың заңнамалық және өзге де шешімдері мен іс-әрекеттерінде барабар жүзеге асырылуы тиіс деген ортақ пікірге келді.