28.12.2020
1 1 1 1 1

Конституциялық Кеңестің ұсынуымен конституциялық құндылықтарды іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Конституциялық Сотының бірінші Төрағасы Мұрат Тәжі-Мұратұлы Баймахановты Мемлекет басшысы «Парасат» орденімен наградтады.
2020 жылғы 28 желтоқсанда Алматы қаласында оған мемлекеттік награда тапсырылды.
Конституциялық Кеңес мүшелері В. Малиновский мен У. Шапак Мұрат Тәжі-Мұратұлын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жаңа табыстар тіледі.