Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы 2688 Конституциялық заңы.

 

МАЗМҰНЫ

       Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.

      Ескерту. Тақырып пен кіріспе жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

 

I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi

       Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.\

 

 2-бап. Республика Үкiметi қызметiнiң құқықтық негiзi

       Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

 

3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы

       1. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.

       2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.

      3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер құрайды.

       4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

 

3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi

       1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi:

       "Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.".

       2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды.

      Ескерту. Жаңа 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

 

4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi

      1. Республика Үкiметi Парламент Мәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінiң алдында өз өкiлеттiгiн доғарады.

      2. Үкiметтiң өкiлеттiкті доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.

      3. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.

       4. Үкiмет осы Конституциялық заңның 5 және 6-баптарында көзделген Үкiмет орнынан түскен және өкiлеттiгiн тоқтатқан жағдайларда да өз өкілеттігін доғарады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

 

5-бап. Республика Үкiметiнiң орнынан түсуi

       1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлi