АЗИЯ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТАРЫ МЕН БАЛАМА ИНСТИТУТТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙРАТ МӘМИ МЫРЗАНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ 10 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

 
10.07.2020
Фото
Поздравление Председателя Ассоциации Азиатских Конституционных Судов и Эквивалентных Институтов, Председателя Конституционного Совета Республики Казахстан г-на Кайрата Мами в связи с 10-летним юбилеем Ассоциации


Азиялық конституциялық соттар және баламалы институттар қауымдастығы мүшелеріне


Құрметті әріптестер, достар!

Сіздерді Өзіміздің Қауымдастығымыздың 10 жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер.  
2010 жылғы 12 шілдеде Джакарта қаласында Индонезия, Корея, Малайзия, Моңғолия, Таиланд, Өзбекстан және Филиппин конституциялық бақылау органдары басшыларының қорытынды кездесуі болды. Оның нәтижесі бойынша Азиялық Конституциялық соттар мен баламалы институттар қауымдастығын құру туралы Декларация және оның Жарғысы қабылданды.
Осы жылдар ішінде ол адам құқықтарын қорғау, демократия және құқық үстемдігі ісінде оның мүшелерінің күш-жігерін біріктіретін беделді өңірлік ұйым ретінде қалыптасты. Қауымдастық мүшелерінің саны екі есеге артты, үш Конгресс өткізілді, Индонезия, Корея және Түркияда құрылымдық бөлімшелер құрылды және тиімді жұмыс істеуде. Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясымен және басқа да қауымдастықтармен ынтымақтастық ұлғаюда. Қауымдастық ресурстары қатысушы мемлекеттердің конституциялық әділет органдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайтуға қызмет етеді.  
Осы жетістіктердің барлығына біздің достық пен сындарлы өзара іс-қимылымыздың арқасында қол жеткізілді. 
Қазіргі уақытта бүкіл әлем COVID-19 пандемиясымен байланысты күрделі кезеңді бастан кешіруде. Біз осы зұлымдықпен күресуде күш-жігерді біріктіру қажеттілігін сезінеміз.  
Осы проблемаларға қарамастан, Қауымдастықты алда үлкен перспективалар күтеді.  
Біз Қауымдастықтың IV Конгресін өткізуге дайындықты жалғастырып жатырмыз. Жаңа мүшелердің өтуі, басқа ұйымдармен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою, біздің құрылымымыз қызметінің ұйымдық-құқықтық негіздерін жетілдіру күтілуде. 
Бірлескен күш-жігермен біз алдағы уақытта да ортақ міндеттерді тиімді шешетінімізге сенімдімін.   
Мен Қауымдастық пен оның мүшелеріне жаңа жеңістер, әлеует пен өркендеулер тілеймін.     
Ең жақсы деген ізгі тілекпен, 


Қауымдастық Президенті                                         Қайрат Мәми
 

Секретариат конгресса

По всем интересующим вопросам относительно Конгресса просим обращаться по следующим контактам:

+77172747632, +77172747958

Телефоны экстренных служб

Противопожарная служба — 101
Полиция — 102
Скорая помощь — 103
Экстренная служба спасения — 112

Иная информация

Погода в г. Нур-Султане резко континентальный умеренный климат. Лето здесь может быть как очень жарким и сухим, так и дождливым и ветренным. По данным 2019 года, фактическая среднемесячная температура месяца август 20.5°. Самая высокая температура 37.9° была 6 августа.
Часовой пояс: GMT +6
Электричество: 220 вольт, 50 Гц, вилки (тип С, Е, F)
Телефон: +7 (код страны); 7172 (код города Нур-Султан)