Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі
Н. Назарбаев

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ресми сайтын ұсынып отырмыз. Сайтта Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері, оның қызметін реттейтін қолданыстағы заңнама, ғалымдар мен практик-заңгерлердің мақалалары, сондай-ақ өзге де ақпарат орналастырылған.

Біздің сайтымызға келушілер арасында тек заңгерлер мен құқықтанушылар, мемлекеттік қызметшілер ғана емес, Қазақстан Республикасында конституциялық бақылауды жүзеге асыру практикасына қызығушылық танытатын басқа адамдар да болады деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И. Рогов

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қазіргі құрамы

Темербеков А.А., Малиновский В.А., Даулбаев А.К., Рогов И.И., Шапак У., Мукашев Р.Ж., Меркель И.Д.

(солдан оңға)

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасы И.И. Роговтың бұйрығымен бұрын Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының құқықтық сараптау бөлімі басшысы қызметін атқарған Бақыт Маратұлы Нұрмұханов 2017 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппараты басшысы қызметіне тағайындалды.

2017 жылғы 12 шілдеде Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Рогов Конституциялық Кеңесте Германия Федеративтік Республикасы Федералдық Президентінің зайыбы Эльке Бюденбендер ханым басшылық жасаған германиялық заңгерлер делегациясын қабылдады.

Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Рогов және Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық сараптама бөлімінің басшысы Б.М.Нұрмұханов 2017 жылғы 29-30 маусымда Батуми қаласында (Грузия) өткен Еуразиялық конституциялық соттар конференциясының (бұдан әрі – Еуразиялық қауымдастық) XVII - Конгресіне қатысты.

2017 жылғы 21 маусым.  Конституциялық Кеңестің мүшелері А.Қ. Дауылбаев, У.Шапақ және В.А. Малиновский ТМД байқаушылар Миссиясының Штаб Басшысы Е.А. Слободамен кездесті.

Ағымдағы жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы И.И.Рогов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституциялық Кеңес Жолдауын (бұдан әрі - Жолдау) жария етті.

КК шешімдері

Сөйленген сөздер