Қазақстан Республикасы 
Конституциялық Кеңесінің 
Төрағасы
 
______________ Қ. Мәми
2018 ж.  «_____» _________


Астана қаласының жоғары сынып оқушылары арасында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 
эссе жазудан пилоттық конкурс туралы 
ЕРЕЖЕ

1.    Жалпы ережелер 

Осы Ереже Пилоттык конкурс өткізудің тәртібін және эссені іріктеудің тәртібін айқындайды. 
1.1.    Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және конституциялық патриотизм мәселелері бойынша эссе жазудан пилоттық конкурс (бұдан әрі – конкурс) Астана қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында өткізіледі (10, 11, 12-сыныптар). 
1.2.     Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Zakon.kz» желілік басылымы. 

2.    Конкурстың мақсаты мен міндеттері 

2.1.    Конкурс жоғары сыныптардағы мектеп оқушыларының бойында Қазақстан Республикасының Конституциясын білу және оны сақтау қажет деген ұғым қалыптастыруды  мақсат етеді.  
2.2.    Конкурстың міндеттері:
мектеп оқушыларының мемлекеттің конституциялық негіздері туралы білімін кеңейту; 
мектеп оқшыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру; 
патриотизм, белсенді азаматтық ұстаным, еліміздің Ата заңын құрметтеу сезімін тәрбиелеу. 

3.    Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары 

3.1.    Конкурстың тақырыбы: «Конституцияның үстемдігі және конституциялық патриотизм». 
Эссе жазу үшін тақырыпшалар: 
1)    «Конституция – еліміздің Ата заңы»;
2)    «Менің Конституциям»;
3)    «Конституция – Қазақстандағы тұрақтылық пен өркендеуге арқау»;
4)     «Қазақстан Республикасы Конституциясының өмірімде алатын орны»; 
5)    «Қазақстан Республикасының Конституциясы –  тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің дамуына бағдар»; 
3.2. Конкурсқа қатысу үшін Астана қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары шақырылады (10, 11, 12- сыныптар).
3.3. Конкурсты өткізу кезеңдері:
2018 жылғы 22 қаңтардан 23 ақпанға дейін – конкурстық жұмыстарды (эсселерді) қабылдау; 
2018 жылғы 26 ақпаннан 19 наурызға дейін – эсселерді рецензиялау, конкурсты қорытындылау;  
  2018 жылғы 4 сәуір – конкурс жеңімпаздарын марапаттау. 
3.4. Жұмыстар (эссе) қағазда немесе электрондық түрде  мына электрондық мекен-жайға ұсынылады: okr@ksrk.gov.kz; burkina.elena@ksrk.gov.kz  («Конкурс эссе» деген белгімен жолдау керек), байланыс телефоны: +7 (7172) 74-76-53, 74-79-55, почталық мекен-жай: 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 39-үй, № 3.036-бөлме.
3.5 Конкурсты ұйымдастырушылар белгіленген мерзімнен кешіктіріліп алынған, сондай-ақ конкурс тақырыбына сәйкес келмейтін эсселерді қабылдамауға құқылы. 
3.6. Эссе  авторына қайтарылмайды.
3.7. Әрбір қатысушыдан тек бір ғана эссе қабылданады. 

4.Эссенің мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар 

4.1.    Эссе осы Ереженің 3.1-тармағында  көрсетілген конкурстың бес тақырыпшасының біріне сәйкес келетін өзекті проблеманы ашуға тиіс. 
4.2.    Конкурсқа қазақ немесе орыс тіліндегі мәтіні 4-5 парақтан аспайтын көлемдегі жұмыстар қабылданады. Топ болып жазылған жұмыстар конкурсқа қабылданбайды. 
4.3.    Мәтін Microsoft Word редакторында терілуі тиіс,  қарпі – Times New Roman, кегль - 14, жол аралық интервал – 1, түзетілуі  – енінен,         шет-шетінен – 2 см. Әдебиетке сілтемелер тұтас нөмірленіп, мәтіннің соңында төрт бұрышты жақшамен ресімделеді. 
4.4.    Эссенің басты парағын ресімдеуге қойылатын талаптар: 
1)    білім беру мекемесінің толық атауы; 
2)    тақырыпша; 
3)    автор туралы деректер: тегі, аты-жөні, сыныбы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық мекен-жайы, почталық мекен-жайы; 
4)    консультациялық немесе әдістемелік көмек көрсеткен жетекшісі туралы мәлімет (егер ондай болса). 
4.5.    Ұсынылған жұмыстардың (эсселердің) бәрі авторлығын тексеру үшін «Антиплагиат» жүйесінде тексеруден өткізіледі. 

5.    Конкурстық комиссияның құрамы және жұмыс істеу тәртібі 

5.1.    Конкурс жеңімпаздарын айқындауды конкурстық комиссия іске асырады.  
5.2.    Қарау нәтижелеріне орай конкурстық комиссия мүшесінің әрбір эссе бойынша 10 балдық шкаламен бағалау туралы тұжырымы бар рецензиясы жасалады.
5.3.    Эссені рецензиялау кезінде конкурстық комиссияның мүшесі мына өлшемдерге сүйене отырып, оның деңгейін бағалайды: 
1)    конкурс тақырыбының ашылуы; 
2)    автордың нақты және негізделген ұстанымы; 
3)    жасалған қорытындылардың бірегейлігі және жеке-даралығы; 
4)    баяндалудың тұтастығы және қисындылығы. 

6.    Конкурс қорытындысын шығару 

6.1.     Конкурсты қорытындылау конкурстық комиссияның 2018 жылғы 19 наурыздағы отырысында іске асырылады. 
6.2.    Конкурстық комиссия конкурс жеңімпаздарын анықтайды және әрбір тақырыпша бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды береді. Конкурс қорытындысы хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Интернет-ресурсіне орналастырылады. 
6.3.    Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздардың эсселері Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Интернет-ресурсінде орналастырылады. 
6.4.    Конкурсқа қатысушылардың бәріне қатысқаны туралы сертификат табыс етіледі.