Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы

______________ Қ. Мәми
2018 ж.  «_____» _________

 

Заңгерлік емес жоғары оқу орындарының студенттері арасында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және конституциялық патриотизм мәселелері бойынша эссе жазудан конкурс туралы
ЕРЕЖЕ

1.    Жалпы ережелер

    
1.1.    Осы Ереже конкурс өткізу тәртібін және эссені іріктеу өлшемдерін айқындайды.
1.2.    Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және конституциялық патриотизм мәселелері бойынша эссе жазудан конкурс заңгерлік емес жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізіледі.
1.3.    Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Zakon.kz» желілік басылымы.

2.    Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1.    Конкурс жастардың құқықтық мәдениетін арттыруды мақсат етеді.
2.2.    Конкурстың міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясында қаланған базалық құндылықтарға, құқықтық мемлекет құрудың негіздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
еліміздің Ата заңы туралы білімді кеңінен тарату;
патриотизм сезімі мен белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу.

3.    Конкурс өткізудің тәртібі және шарттары

3.1.    Конкурстың тақырыбы: «Конституцияның үстемдігі және конституциялық  патриотизм».
Эссе жазу үшін тақырыпшалар:
1)    «Конституциялық патриотизм»;
2)    «Адам, оның құқықтары мен бостандықтары – ең қымбат құндылық»;
3)    «Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні мен маңызы»;
4)     «Қазақстан Республикасының Президенті – Конституцияның кепілі»;
5)     «Қазақстанның конституциялық дамуы».
3.2. Конкурсқа қатысуға заңгерлік емес жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.
3.3. Конкурсты өткізу кезеңдері:
2018 жылғы 22 қаңтардан 23 ақпанға дейін – конкурстық жұмыстарды (эсселерді) қабылдау;
2018 жылғы 23 ақпаннан 19 наурызға дейін – эсселерді рецензиялау, конкурсты қорытындылау;
2018 жылғы 4 сәуір – конкурс жеңімпаздарын марапаттау.
3.4. Жұмыстар (эссе) қағазда немесе электрондық түрде мына электрондық мекен-жайға ұсынылады: okr@ksrk.gov.kz; burkina.elena@ksrk.gov.kz  («Конкурс эссе» деген белгімен жолдау керек), байланыс телефоны: +7 (7172) 74-76-53, 74-79-55, почталық мекен-жай: 010000, Астана қ., Д. Қонаев көшесі, 39, № 3.036-бөлме.
3.5 Конкурсты ұйымдастырушылар белгіленген мерзімнен кешіктіріліп алынған, сондай-ақ конкурстың тақырыбына сәйкес келмейтін эсселерді қабылдамауға құқылы.
3.6. Эссе  авторына қайтарылмайды.
3.7. Әрбір қатысушыдан тек бір ғана эссе қабылданады.

4.Эссенің мазмұнына және ресімделуіне қойылатын талаптар

4.1.    Эссе осы Ереженің 3.1-тармағында  көрсетілген конкурстың бес тақырыпшасының біріне сәйкес келетін өзекті проблеманы ашуға тиіс.
4.2.    Конкурсқа қазақ немесе орыс тіліндегі мәтіні 6-7 парақтан аспайтын көлемдегі жұмыстар қабылданады. Топ болып жазылған жұмыстар конкурсқа қабылданбайды.
4.3.    Мәтін Microsoft Word редакторында терілуі тиіс,  қарпі – Times New Roman, кегль - 14, жол аралық интервал – 1, түзетілуі  – енінен,         шет-шетінен – 2 см. Әдебиетке сілтемелер тұтас нөмірленіп, мәтіннің соңында төрт бұрышты жақшамен ресімделеді.
4.4.    Эссенің басты парағын ресімдеуге қойылатын талаптар:
1)    жоғары оқу орнының толық атауы;
2)    тақырыпша;
3)    автор туралы деректер: аты-жөні, факультеті, курсы, байланыс телефоны нөмірі, электрондық почтасы, почталық мекен-жайы;
4)    консультациялық немесе әдістемелік көмек көрсеткен жетекшісі туралы мәліметтер (егер ондай болса).
4.5.    Ұсынылған жұмыстардың (эсселердің) бәрі авторлығын тексеру үшін «Антиплагиат» жүйесінде тексеруден өткізіледі.

5.    Конкурстық комиссия құрамы және жұмыс тәртібі

5.1.    Эссе жазудан конкурс жеңімпаздарын айқындауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
5.2.    Қарау нәтижелеріне орай конкурстық комиссия мүшесінің әрбір эссе бойынша 10 балдық шкаламен бағалау туралы тұжырымы бар рецензиясы жасалады.
5.3.    Эссені рецензиялау кезінде конкурстық комиссияның мүшесі мына өлшемдерге сүйене отырып, оның деңгейін бағалайды:
1)    конкурс тақырыбының ашылуы;
2)    автордың нақты және негізделген ұстанымы;
3)    жасалған қорытындылардың бірегейлігі және жеке-даралығы;
4)    баяндалудың тұтастығы және қисындылығы.

6.    Конкурсты қорытындылау

6.1.     Конкурсты қорытындылау 2018 жылғы 19 наурызда конкурстық комиссия отырысында жүзеге асырылады.
6.2.    Конкурстық комиссия конкурс жеңімпаздарын айқындайды және әрбір тақырыпша бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар береді. Конкурстың қорытындысы хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Интернет-ресурсына орналастырылады.
6.3.    Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздардың эсселері Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Интернет-ресурсына орналастырылады.
6.4.    Конкурсқа қатысушылардың бәріне қатысқаны туралы сертификат табыс етіледі.