Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі М.Қ. Бадалиев 2020 жылғы 3 наурызда Нұр-Сұлтан қ. № 26 гимназия-мектебінде өткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына арналған «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері" тақырыбындағы ашық сынып сағатына қатысты.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары аясында өтті.
Бадалиев М.Қ. Конституцияның тарихы, Конституциялық Кеңестің заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтты.
 

 

,fyyth