12.12.2017


Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Өзбекстан Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституцияның демократиялық құқықтық мемлекет құрудағы рөлі  және мәні» атты тақырыптағы халықаралық ғылыми-практикалық  конференция болды, оған Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның, Арменияның, Кореяның, Тәжікстанның, Түркияның және Индонезия конституциялық соттарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында оған қатысушылар мемлекетті қалыптастырудың конституциялық-құқықтық негіздері және конституциялық бақылау тақырыптарына арналған бірқатар мазмұнды баяндамалар жасады.

Форумның шеңберінде Өзбекстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Бахтияр Мирбабаев «Өзбекстан Республикасының Конституциясы – елдің үдемелі дамуының құқықтық негізі және кепілі» атты тақырыпта, Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының судьясы Николай Бондарь «Конституция әрпі және рухы: теңгерім іздестіру» атты тақырыпта баяндама жасады.

Қатысушылар өздерінің баяндамаларында Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау тәжірибесіне бірнеше рет сілтеме жасалғанын атап өту керек.

Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформаға ерекше назар аударылған «Құқықтық мемлекетті бекіту жағдайында Қазақстан Республикасында конституциялық бақылауды күшейту» атты тақырыптағы баяндамаға әріптестер аса қызығушылықтарын танытты. Атап айтқанда, конституциялық түзетулердің ерекше қорғалатын конституциялық құндылықтардыі тізбесін кеңейтуге және қорғалуы деңгейін арттыруға, конституциялық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мазмұндарын, шарттары мен шектерін нақтылауға бағытталғаны атап өтілді. Осы өзгерістердің арқасында Қазақстан қоғам мен мемлекетті, сондай-ақ елімізде конституциялық бақылауды жан-жақты және кезең-кезеңмен жаңғыртуды жалғастырды.

Өтініш беру субъектілерінің ауқымы, атап айтқанда, азаматтардың өтініштері өкілдері конференцияға қатысқан конституциялық соттардың көпшілігі үшін проблемалық мәселе болып табылады. Осы бөлікте де Қазақстанның тәжірибесі қызығушылық туындатты. Соңғы өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасында Конститукциялық Кеңестің мәртебелік бастамасы нақтыланды, конституциялық бақылауды ұстану тәртібінде өтініш беру субъектілерінің саны артты. Егер осындайларға соттар ғана жатқызылған болса, енді осындай өкілеттіктер Республика Президентіне де берілді. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның 1-бабы 6-тармағының 3) тармақшасна сәйкес Мемлекет басшысына адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдау құқығы беріледі.

Форумға қатысушыларды конституциялық бақылау саласындағы өзгерістер, атап айтқанда, Конституцияға ұсынылатын өзгерістердің Конституцияның 91-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысын міндетті түрде алуы қызықтырды. Мәселен, Конституцияның 91-бабы: «Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады» деген 3-тармақпен толықтырылды. Мемлекет басшысы осы мәселе бойынша өтініш беру субъектісі болып табылады (Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасы).

Конституциялық Кеңестің шешіміне наразылық енгізуге және оны қараудың тәртібі мен салдарларын реттеуге Президенттің құқығы қарастырылған Конституцияның 73-бабы 4-тармағының Мемлекет басшысының бастамасы бойынша алып тасталуы аса қызығушылық туындатты. Қабылданған шешімдер Конституциялық Кеңес актісінің түпкілікті сипатының кепілін күшейтеді, ол жалпы қабылданған стандарттарға сәйкес келеді. 

 Сондай-ақ конференция барысында ерекше қорғалатын конституциялық құндылықтардың тізбесін кеңейтуге қатысты мәселелер қозғалды: «Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі өзгермейді». Осылайша оның біртұтастығын, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін жаңа тәуелсіз мемлекет Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи миссиясы;  егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, соның ішінде Негізгі Заңның конституциялық құндылықтарына және Республика қызметінің негізін қалаушы қағидаттарына шешуші үлес қосқан өзінің конституциялық мәртебесі мен жеке сапасының арқасында жоғары тұратындығы расталады.

Осылайша, конституциялық бақылау Қазақстанда өзінің қағидаттарымен, нысандарымен және әдістерімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметімен тікелей байланысты дербес құқықтық институт құрғаны туралы тұжырым жасалды.

Тұтастай алғанда конференция жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті және конституциялық бақылаудың жан-жақты халықаралық тәжірибе алмасу жоспарында өте пайдалы болды.