04.11.2019
3-ий Международный симпозиум  Конституционного Суда Индонезии 3-ий Международный симпозиум  Конституционного Суда Индонезии 3-ий Международный симпозиум  Конституционного Суда Индонезии 3-ий Международный симпозиум  Конституционного Суда Индонезии 3-ий Международный симпозиум  Конституционного Суда Индонезии

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қ. Мәми ағымдағы жылғы 4 қарашада "Конституциялық сот және әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғау" атты тақырыптағы Индонезия Конституциялық Сотының 3-ші Халықаралық симпозиумына қатысты.
Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы бірінші сессияның модераторы болып сөз сөйледі, онда Малайзиядан келген спикер – Дато Сери Итама Тенгку Маймун ханымның, Камбоджадан келген спикер - Чхун Лим Им мырзаның, Бангладештен келген спикер - Махмуд Хоссэин мырзаның, Ауғаныстаннан келген спикер –  Мухаммад Хашим Хашимзаю мырзаның, Мальдивадан келген спикер –  Азмирлда Захир мырзаның және Индонезиялық спикер – Салди Исра мырзаның баяндамалары тыңдалды.
Екінші сессияда Кеңес Төрағасы "Қазақстан Конституциялық Кеңесінің тәжірибесінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау" тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде Қ. Мәми симпозиумға қатысушыларды осы тақырып аясындағы кеңестің шешімдерімен таныстырды, сондай-ақ, әлеуметтік және экономикалық құқықтарды мойындау мен қамтамасыз етудің мемлекеттің тұрақты дамуы мен қоғамдық сенім үшін принципті маңызы бар екенін атап өтті. Сондықтан елдің экономикалық мүмкіндіктерінің өсуіне қарай халықты, әсіресе оның әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау көлемі де артуы тиіс.