18.06.2019
2-й Международный симпозиум Секретариата по исследованиям и развитию Ассоциации азиатских конституционных судов 2-й Международный симпозиум Секретариата по исследованиям и развитию Ассоциации азиатских конституционных судов 2-й Международный симпозиум Секретариата по исследованиям и развитию Ассоциации азиатских конституционных судов 2-й Международный симпозиум Секретариата по исследованиям и развитию Ассоциации азиатских конституционных судов

Ағымдағы жылғы 18-19 маусымда Сеул қаласында Азиялық Конституциялық соттар және баламалы институттар қауымдастығы Зерттеулер және даму жөніндегі хатшылығының 2-ші халықаралық симпозиумы өтуде.  
Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының судьясы В. Ярославцевтің төрағалық етуімен «Конституциялық бақылаудың заты» тақырыбындағы 1-ші сессиясының жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының кеңесшісі Х.Ә. Әбішев баяндама жасады. Оның таныстырылымы «Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау: қолдану саласы және іске асыру тәсілдері» тақырыбына арналды. Онда спикер Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау органының қалыптасу және даму кезеңдерін, өкілеттілігін атап өтті, сондай-ақ ағымдағы жылы Конституциялық Кеңес қараған маңызды өтініштерге тоқталды. 
Сонымен қатар, Қазақстанның Конституциялық Кеңесі сапалы зерттеуді қамтамасыз ету үшін мақсаты Қазақстанның конституциялық бақылауына егжей-тегжейлі шолу жасау болып табылатын 101 сұрақтан тұратын сауалнама толтырды. 
Іс-шараға сондай-ақ Таиланд Корольдігі, Түркия, Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан, Мьянма Республикасы конституциялық және жоғарғы соттарының, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың өкілдері қатысты. 
Делегаттар белгіленген мәселелер бойынша тәжірибелерімен, ақпараттарымен және идеяларымен алмасты.