06.05.2020
Чествование ветеранов в канун Дня Победы Honouring Veterans on Victory Day Honouring Veterans on Victory Day

Конституциялық Кеңесте Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Отан қорғаушы күні қарсаңында ардагерлерге тағзым ету шарасы ұйымдастырылды.

Конституциялық  Кеңес төрағасы Қ. Мәми өз сөзінде еліміз үшін Жеңіс күні мерекесінің орны мен маңызы ерекшеекенін айтып өтті. Бұл бабаларымыздың ерлігі мен батырлық даңқы айшықталған күн. Конституциялық Кеңестің ұжымының жартысына жуығының аталары соғысқа қатысқан. Бұл Жеңістің әрбір қазақстандық үшін зор мәнін көрсетеді, деді Кеңес Төрағасы.

Конституциялық Кеңес қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Бәйкешев ақсақалды құттықтады. Ол соғысқа 17 жасында шақырылып, Калининград, Рыжов, Великий Луг қалаларын, Польша мен Венгрияны азат етуге қатысқан. Оның ерлігі елге мұра, ұрпаққа үлгі екендігі ерекше айтылды. 
Кеңес ұжымы бейбіт өмір әкелген батырларымыздың ұмытылмас қайсарлығы мен патриотизміне тағы бір бас иіп, болашақта бейбітшілік салты, заңдылық пен адам сүю мәдениеті ешқашан естен шықпауы тиіс екенін атап өтті.