18.05.2020
70-летний юбилей И.И. Рогова 70-летний юбилей И.И. Рогова 70-летний юбилей И.И. Рогова 70-летний юбилей И.И. Рогова 70-летний юбилей И.И. Рогова 70-летний юбилей И.И. Рогова 70-летний юбилей И.И. Рогова 70-летний юбилей И.И. Рогова

18 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының кеңейтілген онлайн отырысы өтті, соның аясында әріптестер белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Конституциялық Кеңестің бұрынғы төрағасы И. Роговты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Құттықтау сөзінде Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми мерейтой - бұл бірінші кезекте қорытынды жасау, жүріп өткен жолды бағалау үшін жақсы себеп, деп атап өтті. Бір салада қырық жылдан астам уақыт бірге тығыз жұмыс істеп келе жатқан Игорь Ивановичтің өмір және еңбек жолын біле отырып, мен оның өте бай, жемісті екенін сеніммен айта аламын. Ол қазіргі уақытта да елде құқық үстемдігін бекіту ісіне қызмет етуді жалғастырып келеді. Жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, Игорь Иванович мемлекеттік құқықтық саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал етті. Мерейтой иесі Қазақстанның конституциялық бақылау органдарында жұмыс істеген жылдары конституциялық ісжүргізу тәжірибесіне көптеген жаңалықтар енгізілді, құқықтық құрылыстың өзекті мәселелері бойынша нормативтік қаулылар қабылданды, - деді спикер.

Салтанатты іс-шарада сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Қ. Жұмабаев, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының ғылыми жетекшісі, Ресей Халықаралық құқық қауымдастығының президенті А. Капустин сөз сөйледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің деканы Д. Байделдинов "Өнегелі өмір" сериясы аясында Конституциялық Кеңестің бастамасымен жарық көрген мерейтой иесі туралы кітапты таныстырды.