2020 жылғы 12 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы № 43 орта мектепте Конституциялық Кеңес Аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Бадалиев М.К. "Конституция кез келген ел үшін өмірдің негізгі заңы" атты зияткерлік марафонға қатысты, онда ол Конституция және оның мәні, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтты.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары аясында өтті.